Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау Зерттеу жұмысының нәтижесінде 2016-2017 жылдардағы бидай сорттарының
өнімділіктері белгілі болды.
Өнім түсімінің ауруларға байланысты азаю мөлшерін 2016-
2017 жылдары алынған бидай өнім көрсеткіштерін стандарт көрсеткішімен салыстыру
арқылы анықталды. Шаруашылықта соңғы 3 жылда орта есеппен жылына Томирис
сортынан – 17,0 ц/га өнім және Бәйтерек сортынан – 15,0 ц/га алынған. Біздің зерттеу
жұмыстарымыздың нәтижесінде Томирис сортының түсім нормасы – 12,0 ц/га және
Бәйтерек сортының өнімділігі – 14,0 ц/га болды. Індет салдарынан сорттар бойынша өнім
түсімділігі айтарлықтай төмендеді (кесте 1).
Кесте 1. Бидай сорттарының ауруларға байланысты өнім түсімінің азаюы
Бидай
сорттары
Өнім
түсімінің
стандарттық
нормасы,
ц/га
Соңғы 3
жылдағы
орташа өнім
түсімі, ц/га
Өнім
түсімінің
азаюы, %
Септориоз,
балл
Пиренофороз,
балл
Томирис
17,0
12,0
30,0
4
5
Бәйтерек
15,0
14,0
7,0
0
0
Кестеде көрсетілгендей, шаруашылықтағы көрсеткіштер бойынша бидай өнімінің
түсімін саралау барысында, септориоз және пиренофороз ауруларының салдарынан
Бәйтерек сортының өнімділігі – 5%, ал Томирис сортының өнімділігі – 30%-ға азайғаны
анықталды.
Зерттеу нәтижесінде Бәйтерек бидай сортының сынамаларында некроз бен хлороз
белгілері байқалмағандықтан – 0 балл, ал Томирис бидай сортының сынамаларында некроз
бен хлороз белгілері жиі байқалғандықтан – 4 және 5 балл деп бағаланып, Бәйтерек бидай
сұрыбының аталған індеттерге төзімділігі жоғары деген қорытынды жасалды.
Сонымен, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданына қарасты Таскескен және
Тасбұлақ аудандарында кеңінен өсірілетін бидай сорттары Томирис пен Байтеректің
өнімділігі мен септориоз және пиренофороз ауруларына төзімділігін агрономиялық және
фитопатологиялық зерттеу нәтижесінде Байтерек сорты Томирис сортына қарағанда
аурудың табиғи жағдайында өнімділігінің жоғарылығымен және ауруларға төзімділігімен
ерекшеленді.