204
табылады.
Сонымен қатар, Қазақстанның экспорттық бидай шаруашылығының әлеуеті
Орталық Азия аймағы бойынша салыстырғанда айтарлықтай жоғары, тіпті әлемдік
көшбасшылар қатарында өзіндік орны бар деп саналады. Жалпы Қазақстандағы ауыл
шаруашылығы өнімдері экспортының 90%-ын бидай және ұн өнімдері құрайды. Еліміздің
табиғи климаттық жағдайлары және егістікке жарамды топырағы құнарлы жер көлемінің
көп болуы Қазақстанның астық шаруашылығының әлеуетін
жыл өткен сайын арттыруға
мүмкіндік береді.
Егістік алқаптарда жиі кездесетін, дүние жүзінде, оның ішінде ТМД елдерінде кең
таралған бидай тұқымдастарын зақымдайтын септориоз, пиренофороз аурулары алынатын
бидай өнімінің мөлшерін 70%-ға дейін төмендетеді. Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар
тез таралатындықтан және ауа райының қолайсыздықтарына қарамастан егістіктерде ұзақ
уақыт сақтала алатындықтан, олармен күресу және алдын алу мәселесі өте өзекті болып
табылады [1]. Осы мақсатта бүгінгі таңда заманауи технологиялар арқылы аталған
ауруларға бидайдың төзімділігін зерттеу және төзімділігі жоғары бидай сұрыптарын іріктеп
алу қолға алынған. Күздік бидай сұрыптарын зақымдайтын
P.tritici-repentis
қоздырғышы
дүние жүзі бойынша, сонымен қатар біздің елімізде де бидайдың жапырақты ауруларының
ішінде ең танымал ауруларының біріне айналған. Сары дақ (пиренофороз)
ауру ретінде
1940 жылы АҚШ-та тіркелген. Ең алғаш бұл аурудың қоздырғышы туралы 1960 жылдары
Канадалық Р.Шумахердің деректерінде көрсетілген [2]. Аурудың эпифитотиясы туралы
алғашқы деректер ХХ ғасырдың 70 жылдары Австралия мен Солтүстік Америкада, 80
жылдары Европада болған [3]. Қойшыбаевтың мәліметтері бойынша, өткен ғасырдың 90
жылдары Канаданың шығыс бөлігі мен АҚШ-та сары дақ ауруларының күрт өсуі
топырақты қорғау мақсатында жүргізілген технологиялармен байланыстырылады.
Септориоз бен сары дақ аурулары әдетте бидай егістіктерінде де бірге кездеседі. Сары дақ
құрғақ аймақтарда, ал септориоз ылғалды аймақтарда басымдылық көрсетеді [4]. Сары дақ
оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанның жаздық және күздік бидай егістіктерінде
кеңінен таралған. М.Қойшыбаевтың мәліметтеріне сүйенсек, 1996-2001
жылдар
аралығында сары дақ ауруының қатты дамуы мен таралуы Алматы облысының Жамбыл,
Қарасай аудандарында байқалған [2]. Аурумен зақымдалған бидай қалдықтарының
жойылмай қалып қоюы, жаңа егістіктіктегі бидайдың ұзақ мерзімде жауын-шашын,
шықпен ылғалдануы аурудың жылдам таралуына себепкер болады. 4-5 жыл қатарынан ауру
өршіген жағдайда эпифитотия болып тіркеледі. Эпифитотияның өнім алуда келтіретін
шығыны орташа есеппен 15-30%-ды құрайды [5]. Пиренофороз бидайдың қатты да, жұмсақ
сұрыптарын зақымдайтын ең зиянды шығыны мол ауру болып табылады.
Аталған ауру
Қазақстанда ғана емес, жалпы әлемде жылдам етек жайып келе жатқан дерт. Кей
жағдайларда аурудың тигізген шығыны 60%-ға дейін жетуі мүмкін [6]. Күздік бидай
сұрыптарын өсіруде саңырауқұлақтар тудыратын аурулар мол өнім алуға айтарлықтай
кедергі тигізеді. Эпифитотия орын алған жылдары саңырауқұлақтардың індеттері
салдарынан астық өнімділігі 50%-дан 70%-ға дейін төмендегені байқалған [7].
Қазақ
егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында 2013-2014 жылдар
аралығында бидайдың Егемен, Сапалы, Наз, Арап, Қарлығаш және Жетісу атты
сорттарының сары дақ ауруына төзімділігі зерттелінген. Күздік бидайдың
аудандастырылған сорттарының сары дақ ауруына деген
иммундық ерекшеліктерін
зерттеуде келесі нәтижелер алынған: патогенге төзімділігімен Егемен, Сапалы, Наз
сорттары (20%-ға дейін) ерекшеленді. Қарлығаш және Жетісу сорттары орташа
төзімділігімен (аурудың таралуы 21-30%), ал Арап сорты вуруға сезімталдығымен (50%
және жоғары) ерекшеленді [8].
Сондықтан, елімізде кең таралған бидайдың жапырақ дағы ауруларына төзімді
сорттарды іріктеп алып, оларды еліміздің зерттелген аймақтарында кеңінен өсіру үшін
ұсыныс беруге болады. Сонымен қатар іріктеліп алынған
ауруға төзімділік донорлары
205
бидай ауруларына төзімді сорттарды құру үшін селекция процесінде құнды материал болып
табылады.
Жұмыстың мақсаты: Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданына қарасты Таскескен
және Тасбұлақ ауылдарында өсірілетін бидай сорттарының пиренофороз және септориоз
ауруларына төзімділігін зерттеу және төзімді сұрыптарды анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: