Зерттеунысаны мен әдістері Зерттеу жұмысы бидайдың пиренофороз (
Pyrenophora tritici - repentis ) және септориоз
(
Septoria tritici ) ауруларына төзімділігін анықтау мақсатында зерттеулер Шығыс Қазақстан
облысы, Үржар ауданына қарасты Таскескен және Тасбұлақ ауылдарының егістіктерінде
жүргізілді. Зерттеуге шаруашылықта өсірілетін бидайдың Бәйтерек және Томирис
сұрыптары алынды. Бидай сорттарының пиренофорозға төзімділігін бағалау шкаласы (Rees
et al.1987) [9] бойынша анықталды. Ал аурудың қарқындылығының сыртқы көрінісі Гешеле
шкаласы бойынша бағаланды [10]. Бидай егістігіндегі фенологиялық көрсеткіштер мен
өнімділік Б.А. Доспехов әдісінің негізінде анықталды [11]. Мәліметтерді статистикалық
өңдеу Excel бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.