Зерттеузерзаты мен әдістемесі Тәжірибе жұмыстары Шығыс Қазақстан облысы,
«Керейбай» шаруа қожалығында жүргізілді. Зерттеу зерзаты ретінде осы шаруашылықта
етті-майлы бағытында өсірілетін қазақтың қылшық жүнді қой тұқымы таңдап алынды.
Шаруашылықта мал тобын толықтыру көрсеткіші, аналық саулық және еркек қошқарлар
жеткілікті дәрежеде ірі, қошқарлардың тірідей салмағы 100 кг, ересек ана саулықтар - 64,5-
74,7 кг, бірінші тума ұрғашы қойлар - 56,0-58,5 кг болды. Саулық қойлардың өсімталдығы
мен төлдегіштігі өзгеруіне әсер еттетін ықпалдар және мал тобын толықтыру қаблеттігі,
қанның гемотологиялық және биохи-миялық қөрсеткіштері, Қойды ұстаудағы
экономикалық тиімділігін әр жылғы қойға жұмсалған, азық, еңбек, басқада материалдарды
есепке алу бойынша шығарылды. Есеп орташа бір бас малға алынып теңге жүзінде
68
жүргізілді. Барлық алынған сандық мәліметтер вариациалық статистикалық әдісімен
талдандып жинақталды.