69
гормонмен қамтамасыз етуді реттеп, ағзадағы электролитті тепе-теңдікте ұстап тұруды
қамтамасыз етеді.
Малдың өміршендік процессінде, қанның морфологиялық
және биохимиялық
құрамының бір-бірімен тікелей байланысы байқалады, сол себептен оның негізгі
көрсеткіші оның ағза жағдайының жақсы болуына да байланысты. Сондықтан
физиологиялық зерттеуде қанды білу өте қажет.
Біздің зерттеу мақсатымыз қазақтың құйрықты қылшық жүнді саулықтарының жалқы
және егіз қозыларының қан құрамының морфологиялық және биохимиялық құрылысын
тексеру.
Тәжірибе жүргізу кезінде 5 бастан 2 топ бөлініп алынды, қойдың бірінші
тобы жалқы
қозысы бар саулықтан және 2-ші топ егіз қозысы бар 2-жасар саулықтардан
топтастырылды.
Қандағы гемоглобин, лейкоцит және эритроцит мөлшерлері егіз қозысы бар
саулықтарда, жалқы қозысы бар саулыққа қарағанда, бір шама жоғары болды.
Жалқы қозысы бар саулықтардың гемоглобині – 7,2 г/%, лейкоциті – 8,2 мың/мкл
және эритроциті – 8,01 млн/мкл болды (2 –кесте).
Кесте 2 – Қанның морфологиялық көрсеткіштері
Топ
Гемоглобин г/%
Лейкоцит мың/мкл
Эритроцит млн/мкл
І
7,2
8,2
8,01
ІІ
7,4
9,1
8,3
Ал екінші топтағы егіз қозысы бар саулықтың көрсеткішінің гемоглобині – 7,4 г/%,
лейкоциті –9,1 мың/мкл және эритроциті – 8,3 млн/мкл болды.
Сонымен қорыта келе жалқы және егіз қозылы аналық саулықтардың қанының
морфологиялық
құрамы
бойынша
айта
қоярлықтай
өзгерістер
болмады.
Қошқарлардың жүн қырқымы 2,0-2,8 кг, ал ана саулықтырдыкі 1,5-2,0 кг, жуылған таза жүн
шығымы соған сәйкес 66,8 және 68,1 % тиісінші.
Тұқым қошқарларының бүйір жүнінің морфологиялық құрамы 56,0-59,0 пайызы 30-
32% мамықтан тұрады, өткінші қылшық талшықтар, 5-10,5% пайыз қылшық шаштан және
20 %пайыз шамалы өлі шаштан тұрады, ал саулықтарда бұл көрсеткіштер тиісінші 58-59;
33-34 және 9,0 пайызды құрайды. Қошқарлардың және саулықтардың жамбасында өткінші
қылшық жүн және құрғақ талшық көп, ал мамық жүні аз болды.
Қошқарлардың жамбасындағы жүннің жіңішкелігі мамық талшықтарында 20,7 және
24,1 мкм, өткінші талшықтарда – 27,4-49,4 мкм, қылшық – 93,4 және 103,2 мкм саулықтарда
тиісінші 20,1 және 22,0; 48,5 және 58,2; 81,0 және 95,5 мкм.
Жүн өнімділігі жалқы және егіз қозыдан зерттелгенде олардың жүнінің салмағы және
жуылған жүн шығымы анықталды.
Алынған мәліметтерді сараптағанда, қырқылып алынған жалқы және егіз қозылардың
жүні, физикалық салмақта және жуылған талшығында
айтарлықтай айырмашылық
болмады. Қозылар туылған кезде денесіндегі жүнінің ұзындығы 2,8-3,4 см болып, ал 8-
айлық жасында қозының орташа айлық жүнінің өсімі жалқы және егіз қозыда орташа 1,56
см құрайды. Оларды енесінен ажыратқаннан кейін етке өткізеді.
Зерттелулер көрсетуінше мамық талшығының ұзындығы жалқы және егіз қозыларда
ауытқуы шамамен 6,60-7,08 см, қылшық талшығының ұзындығы 10-12 см болды.
Жалқы және егіз қозы жүндері 68 және 67% мамықтан, 18-19% өтпелі жүн
қылшығынан және 13-14% орташа қылшықты жүннен тұрады.
Мамық және өтпелі жүн қылшығының үлесі 85-87% құрайды. Микроскопиялық
талдауда мамықтық көрсеткіші жалқы және егіз қозыда жүн жіңішкелігі олардың 80 және
70
70-ші сапада, немесе жуандығы тиісінше 16,66±0,41 және 20,4±2,44 мкм, өтпелі жүн
қылшығыныкі 35,26±0,91 және 41,68±1,05 мкм, қылшық жүн 93,22±1,69 және 97,16±1,85
мкм болды. Сол себептен, жуылмаған және жуылған жүннің, морфологиялық құрамы,
жіңішкелігі және мықтылығы егіз қозыларда тәжірибелік
зерттеуде жалқы қозыдан
қалыспайды. Тәжірибелік малдардан өндірілген ет-май, жүн және тері өнімдерінің
экономикалық тиімділік дәрежесінің, көрсеткіштерін зерделей келе ең жақсы нәтижелер
егіз қозылардан алынған өнімнің мол екенін және тиімді екенін байқадық.
Мұнда бір бас жалқы қозыға жұмсалған шығын 12706 теңге, ал егіз қозыға жұмсалған
шығын көлемі 21682 теңге болды.
Өндірілген өнімдердің мөлшері жағынан жалқы қозыларға қарағанда, егіз қозылар екі
есе артық шығын жұмсалғаны, бірақ өндірілген өнімді сатудан түскен пайдалардың көлемі,
егіз қозыларда екі есе артық екені байқалды.
Қазіргі кезде жүн өнімдеріне деген сұраныс төмен және жүн өте арзан. Қазір 1 кг
жүннің орташа сату бағасы 150 теңге болып тұр, сол себептен
бір бас жалқы қозыдан
қырқылып алынған жүнді сатудан түскен баға 137,5 теңге, ал егіз қозылардан 270 теңге
аралығында болды. Қазіргі нарық жағдайы кезінде, мал өнімдері ішінде пайданың негізгі
көзі ет өнімдері болып табылады. Нарықтық экономика заманындағы қатаң бәсекелестік
жағдайына төтеп беру үшін төлдегіштігі жоғары малдар тұқымдарын өсірудің маңызы зор.
Қойлардың етінің, қазіргі базар нарық бағасы 550-600 теңге деңгейінде болып отыр.
Сондықтан әрі жүнді, әрі етті-майлы қойлардың тұқымдарын өсіру - өндірудің тиімді
жолдарын
қарастыру,
заман
талабына
сай
өзекті
мәселе
екені
белгілі.
Біздің жүргізген тәжірибеміз осындай талаптарға жауап беретін төлдегіштігі жоғары
саулықтарды көбейтіп, егіз қозы алу үшін жүргізілді. Себебі жалқы қозылардан алынған
таза пайда көлемі 4199,5 теңгені құрап тиімділік дәрежесінің деңгейі 33,0 пайыз
болғандығын, ал егіз қозылардан алынған таза пайда 9708 теңгені құрап тиімділік
дәрежесінің деңгейі 44,8 пайыз болғандығын байқатты. Бұл төлдегіштігі жоғары
саулықтардан, егіз төл алу түрлерін өндірісте қолдану шаруашылыққа
өте тиімді болып
пайда келтіретінін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: