Жұмыстың мақсаты Шығыс Қазақстан жағдайында өсірілетін қазақтың құйрықты
қылшық жүнді қойларын өсіруде мал тобын толықтыруының биологиялық, зоотехниялық
және технологиялық ықпалдарын және қойларды өсіруде саулықтардың төлдегіштігін
жоғарылатудың ерекше тиімділік дәрежесі анықталды.
Жұмыстың маңызы және зерттеу нәтижелерінің жүзеге асырылуы. Шығыс
Қазақстан өңірінің етті-майлы қой шаруашылығының қайта пайда болу сатысында
құйрықты қой шаруашылығында мал тобын толықтыру қабілеттілігін төлдегіштік жағынан
іріктеу арқылы кеңейтуге болады.