67
өнімділігінің қой шаруашылығының тиімділігін жоғары-латуға әсері шамалы, төмендеуіне
ықпал етті. [1].
Құйрықты қойлар, бұдан былайғы кезде де, өздерін таза өсіруде ғана емес, сонымен
бірге, әр түрлі бағыттағы жаңа тұқымдар шығаруда да үлкен маңызға ие болатыны сөзсіз.
Бұл жергілікті жердің құйрықты қойларын өсіп-өнгіштігін, жылдам жетілгіштігін, еттілік
қасиеттерін, өнімділігін, жүннің
мөлшері мен сапасын, оның түсін жете зерттеушілер
Қазақстанда өсіп-өнетін құйрықты қойлардың тұқымдарының ішінде ең төзімталы, мол
өнімдісі,
тез жетілгіштігі, төлшілдігі, жүндестігі тағы да басқа шаруашылыққа пайдалы
қасиеттері жағынан жақсысы қылшық жүнді құйрықты қой малдарының бірі еділбай қойы
болған[2,3]. Еділбай қойының осы ерекшеліктерін кеңінен пайдалану үшін ғалымдардың
ұсыныстары бойынша басқа жергілікті жерде өсіп-өнетін құйрықты қойларды осы еділбай
қойының қошқарларымен шағылыстыруды дұрыс деп тапқан.
Құйрықты қылшық жүнді жергілікті қазақы қойлары ішінде ең жоғары өнім беретіні
еділбай
қойлары болғандықтан оларды, өнімдері төмен құйрықты, қылшық жүнді
қойлармен будандастырғанда жергілікті құйрықты қойлардың өнімдерін арттыруға үлкен
әсер етеді де, аз уақыт ішінде сапасын жақсартады. Еділбай қошқарларының орташа тірі
салмағы 115 кг, ал ең ірілері 147,5кг, саулықтарының шоқтық биіктігі 76,9 см, тірі
салмақтары 74-82 кг шамасында. 2,5 жасар еділбай ісектерінің сойыс шығымы мен майы
46-48кг немесе 56-58%, 1,5 жасар ісектерде – 35,8 кг немесе 53,1%, қысыр саулықтарда –
39,3кг немесе 53%. Қылшық жүнді құйрықты қойлар еліміздің барлық аймақтарында дерлік
өсірілетіндіктен, барлық құйрықты қойлар саны бойынша бірінші орынды алады. Жоғарыда
айтып кеткендей, құйрықты қойларды жақсарту
мақсатында еділбай қойларын
пайдаланады, бірақ еділбай қойларын жергілікті қылшық жүнді құйрықты қойлардың ет-
май өнімділігін жақсартатын жалғыз тұқым деп айтуға болмайды. Етті-майлы-жүнді қой
шаруашылығын құру және қылшық жүнді қой шаруашылығын қайта құруда сараджа, тәжік
және дегерес қой тұқымдары үлкен роль атқарды [4,5]. Шаруашылық жағдайында
нарықтық экономика заңдылығы талаптарына сәйкес өзіндік құны төмен, диетикалық
тұрғыдан пайдалы, жоғары сұранысқа ие жас қозы еті сияқты
тұтынушыларға қажетті
өнімдерді өндіру тиімді болатыны белгілі. Осыған байланысты өндірілетін өнім көлемі мен
сапасын арттыру бағытындағы тиімді селекциялық әдіс -тәсілдерін ұсыну заман талабына
сай өзекті мәселе болып табылады[6].
Достарыңызбен бөлісу: