зооморфтық мүсін түріндегі төрт қырлы қайрақ тас, екі жүзді темір қанжар мен
ілмекті айна кездесті.
2-обаның үйіндісі топырақтан тұрғызылған, диаметрі 21—22м. және биіктігі
1,5 м. Обаның ортасындағы үйінді астынан тікбұрышты, көлемі 3,7x2,9 м қабір
шұңқыры аршылды. Ұзын жағымен ол солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталып
жатыр. Шұңқырдың қабырғалары ақпен ақталып, қайың бағандармен тірелген.
Шұңқырдың төбесі де кайың бөренелермен жабылған.
1,8 м тереңдікте ағаш тақтай үстінде әйелдің қаңкасы жатты. Осында табылған
заттарға қарағанда ол ақсүйек әйел болған. Өлген әйел басы солтүстікке
қаратылып, созылған күйінде шалқасынан койылған. Бас сүйегінде түрлі-түсті тас
салған ай сияқты алтын сырға бар, нақ сол жерден сүйек жанынан түйіршіктермен
безендіріліп, сердолик салынған үлкен жүзік және үш алқа табылды. Бір алқа
диаметрі әр түрлі (0,5—3,5 см) сопақша янтарь моншақтардан тұрады. Екінші алқа
тау хрусталінен істелген дөңгелек моншақтардан құрастырылған. Барлық хрусталь
моншақ — 28, олардың диаметрі - 1,5-3,5 см. Үшінші алқа он төрт қырлы 19
сердолик моншактан тізілген. Алты қырлы 14-і де сердолик, екеуі сүр ұнтақтан,
біреуі гематиттен және 6-ы қара ұнтақтан бекіренің аркасы сияқты етіп жасалған.
Жерленген адамның кеудесінен шет жақтарында дөңгелектері бар ромб тәрізді
медальон табылды. Оның ортасында кедергілі эмаль техникасымен ақ және
көгілдір түсті эмаль мен яшмадан шаршылап геометриялық әшекей жасалған.
Әйелдің киіміне жартылай сфералық алтын каңылтырлар және жалған
түйіршіктермен безендірілген қалақшалар мол тігілген.
Молаға салынған мыс құмыраның жоғарғы жағынан Дионистің басы
бедерленген тұтқасы мен еліктің иілген аяғы түріндегі әдемі сабы бар күміс қасық
ерекше назар аудартады. Қабірден ортасында тесігі және кақпағы цилиндр тәрізді
куысы бар шар сияқты күміс шырағдан, кеуіп кеткен шөп сабақтарының
қалдықтары бар күміс сүзгі, сақина сияқты шығыңқы кұлактары бар екі қола қазан
шықты. Бас жағында қола шелек тұрды, жылтыратылған кобдишаға салынған
былғары қапты қола айна (диаметрі 8 см) жатты.
Достарыңызбен бөлісу: