Дәлелдеу Argumentation , белгілі бір көзқарасты жеке немесе ұжымдық
реципиенттің түйсініп, түсінуі және/немесе қабылдауы
мақсатында негіздеу үшін жүргізілетін логикалық-
коммуникациялық үдеріс
Диалогтік оқыту Мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың
сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын
дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы
реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі.
Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге
итермелейді және олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді
көздейді.
Джигсо әдісі ең алғаш Джигсо әдісін Е.Аронсон мен Д.Бриджмен (1979)
әзірлеген. Бұл бойынша оқушылар өмірлік маңызы бар ақпаратты
игеріп, оларды пазлдың бөлшектері сияқты бірге жинауға
тартылады. Әр оқушы өз білімінің терең түсініп, басқаларға оны
үйрету керек. Яғни әр оқушы «сарапшы» рөлінде болады деген сөз.
Сонымен қатар, оқушылар құнды ресурс ретінде бір-бірін
тыңдауды үйренеді.