Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет60/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық

Сын тұрғысынан 
ойлау 
қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың 
мағынасын тануда, оны бағалауда және талдауда аналитикалық 
тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау түрі. Бұл келесі 
қабылданатын әрекеттерге негіз болуы мүмкін. 
Нақты қоғамда сыни ойлау бағытындағы қадам қоғамның 
өркениетті дамуына бастау үшін қажет деген болжам бар. Тар 
мағынасында сын тұрғысынан ойлауға «ойлау туралы ойлау» 
ретінде анықтама беруге болады. Психолог Диана Ф. Халперн сын 
тұрғысынан ойлауды күтілетін нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін 
арттыратын танымдық тәсілдер мен стратегиялар ретінде 
қарастырады. 
Сындарлы оқу 
талдау, эксперимент, жетекшілік ету арқылы жүргізілетін зерттеу, 
тапсырмаларды шешу, ойлану сияқты белсенді зерттеу әдістерін 
пайдалану кезінде түсініктер мен дағдыларды қалыптастыру 
арқылы оқу. Сындарлы оқу дағдылардың ықпалдасып, 
мәселені/проблеманы терең түсінуге көмектеседі. 
Талант 
ең алдымен, арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы; өзінің 
сонылығымен, жоғары дәрежеде жетілдірілуімен және қоғамдық 
мәнімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік беретін қабілеттер 
жиынтығы. Талантты адамдарға қызметтің белгілі бір түрімен 
шұғылдану тән, олар таңдап алған ісіне құмар болады. Талантты 
адамның 
еңбегінің 
нәтижелері 
өздерінің 
түбегейлі 
жаңашылдығымен, бірегейлігімен ерекшеленіп тұрады.
 
Шығармашылық 
дәстүрлі және қалыптасқан ойлау желісінен өзгеше айрықша жаңа 
идеяларды әзірлеу үдерісі. Белгілі америкалық психолог 
А.Маслоудың пікірінше, бұл адамдардың барлығына тән, туа 
біткен табиғи қабілет болып табылады, алайда адамдардың басым 
бөлігі тәрбесі мен оқуына және әлеуметтік тәжірибесіне 
байланысты оны жоғалтып алады. Күнделікті өмірде бұл 
шығармашылық қабілет әртүрлі тәсілдер мен заттарды пайдалану 
арқылы әдеттен тыс және ерекше тәсілдермен мақсатқа жету 
жолдарын және шешімдерін табу арқылы көрініс табады. 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет