Col -плазмидті (колициногенді факторларды) анықтау. Зерттеуге
алынған
Escherichia coli өсінділерін Петри шынысындағы қоректік
агарға шаншу арқылы (1 Петри шынысына 7-8 шаншу жасалады) себінді
жасайды. Себіндіні 37ºС-де бір тәулік бойы өсіргеннен кейін, Петри
шынысының беткейіне хлороформ сіңдірілген мақта салады, яғни
хлороформ буымен бактериялардың қырылуына ықпал жасалады. Сонан
соң агар беткейіне 45ºС-ге дейін салқындатылған 3 мл қоректік агар
(0,7%) ортасы мен 0,1 мл сұйық қоректік ортада өсірілген 4 сағаттық
индикаторлы өсіндінің қоспасын біркелкі үлестіреді. Бұл жұмысқа
колицин типіне сезімтал
Escherichia coli өсіндісі таңдалып алынады.
Себіндіні 37ºС-де 18-24 сағат өсіргеннен кейін тәжірибе нәтижесі
бағаланады. Осындай колицинді өндіретін өсінділердің айналасында
индикаторлы штамның өсуін тежеуші түссіз аймақтар пайда болады.
51