Абжанова сокращенная indd


Бала емізетін ананың тамақтануы



Pdf көрінісі
бет110/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   189
Бала емізетін ананың тамақтануы
бала емізетін ананың тамақтануына ерекше көңіл бөлу керек
себебі тұтынатын өнімдер мөлшері мен сапасы сүттің шығуы мен 
емшек сүтінің құрамына байланысты.
бала емізетін ананың ас үлесінің химиялық құрамы: ақуыздар – 
130-140 г, майлар – 100-110 г, көмірсулар – 450-500 г, ал бұл 3500-400 
ккал-ға сәйкес келеді.
толыққанды ақуыздары бар өнімдерден туғаннан кейінгі кезеңде: 
сүзбе, ірімшіктің ашты емес түрлері, сүт, қатық, қайнатылған ет, 
балық, жұмыртқаның ағын жеуге кеңес беріледі. Оңай сіңірілетін: 
сарымай, күнбағы және зәйтүн майын тұтынған жөн. көмірсуларға 
деген қажеттілік өсімдікті жасұнығы бар өнімдер: ірі үгінді нан, 
көкөністер, жемістер, жидектер, жаңа піскен көкшөп, томаттар 
есебінен қанағаттандырылады.
босанатын әйелдердің тамақтануы реттік болуы тиіс. ас үлесінен 
қою кофе, дәмдеуіштер, алкогольді сусындарды алып тастаған жөн. 
бала емізетін әйел тәулігіне сұйықты кәдімгі жағдайдан 1 л артық 
ішуі керек, ал сүтті – 0,5 л кем емес ішуі керек.
сүт жеткілікті шықпағанда ас үлесіне ақуызы, майы мен 
дәрумендері көп өнімдерді қосу керек. ас үлесіне қосымша «голланд» 
ірімшігін – 100 г (50 грамнан күніне 2 рет), қаймақ – 100 г (50 грамнан 
күніне 2 рет), сұйық сыра ашытқылары – 120 г (60 грамнан күніне 2 
рет), қара қарақат шырыны – 60 мл, балдың – 100 г (50 грамнан күніне 
2 рет) қосуға кеңес беріледі.
бала емізетін әйелдер ас үлесінің жылдың маусымы бойынша 
өзгеруі.
Қыста:
1-ші таңғы ас: ашытқан қырыққабат, картоп пен пияз және өсімдік 
майы қосылған салат, тұзды майшабақ, сүзбелі сырок, сүт қосылған 
кофе, май жағылған нан.


203
2-ші таңғы ас: қатық, сүзбе қосылған ватрушка, алма немесе 
итмұрыннан дәруменді сусын.
түскі ас: ашытқы массасы қосылған ет сорпасына піскен борщ, кар-
топ қосылып буға пісірілген немесе қуырылған ет, сүтпен мүкжидек 
киселі немесе сүтті дәрумендендірілген крем. 
кешкі ас: қаймақ және қант қосылған «жаңа піскен» варениктер 
немесе картоп және ет қосылған бәліштер, консерві компоттар немесе 
сүт қосылған кофе.
сағат 21.00 – нан тілімімен айран немесе қатық.
Көктемде:
1-ші таңғы ас: картоппен сосискалар және жасыл салат; сүт 
қосылған геркулес ботқасы; сүт қосылған кофе немесе шай, наға май.
2-ші таңғы ас: «жаңа піскен» варениктер немесе қаймақ және 
қантпен сүзбе салып пісірілген тамақ, ашытқылы сусын немесе 
үлпілдек ашытқылар, томат шырыны – консервілер.
түскі ас: балық сорпасына пісірілген жасыл бұршақпен жинақ-
талған көкөністерден сорпа; картоппен қуырылған немесе пешке 
пісірілген балық, көкөністерден салат, қызыл шие немесе итмұрын 
қайнатпасымен дәрумендендірілген кепкен жемістерден компот.
кешкі ас: маринадталған қызылшадан дайындалған салат, сүт 
кеспесі.
сағат 21.00 – қант (немесе бал) қосылған айран немесе қатық.
Жазда:
1-ші таңғы ас: қаймақ немесе қатық қосылған қияр, салатты 
өсімдік пен басқа маусымдық көкßністерден дайындалған салат; шала 
пісірілген жұмыртқа немесе омлет, сүт қосылған шай немесе кофе, 
май және ірімшік қосылған нан.
2-ші таңғы ас: қатық қосылған сүзбе немесе сүзбе қосып пісірілген 
тамақ; кез келген күйде өңделген ашытқы (ашытқылы үгінді, 
ашытқылы сусын, үлпілдек ашытқы мен басқалары).
түскі ас: көкөніс және қатық (немесе қаймақ) қосылған балық 
немесе еттен көк көже; картоппен қуырылған, пешке пісірілген немесе 
қайнатылған балық; сүтпен жидектер.
кешкі ас: қырыққабат немесе сәбіз котлеттері немесе сүт 
тұздығындағы жиынды көкөністер, қарбыз немесе басқа жемістер мен 
жидектер.
сағат 21.00 – қант немесе бал қосылған қатық, айран немесе басқа 
қышқыл сүтті өнімдер.


204
 
 

Күзде:
1-ші таңғы ас: қызанақ, қияр, картоп немесе басқа маусымдық 
көкөністерден өсімдік майы немесе қаймақ қосылған салат, «Детский» 
сүзбеше немесе қатық қосылған сүзбе, сүт қосылған шай немесе кофе, 
нан мен май.
2-ші таңғы ас: сүт кеспесі, тосап қосып қуырылған асқабақ.
түскі ас: жаңа піскен щи немесе жаңа піскен қияр, сәбіз және 
қаймақтан дайындалған картоп сорпасы (вегетариандық немесе ет 
сорпасына піскен); қайнатылған ет немесе жиынды көкөністерден 
дайындалған котлеттер; жаңа піскен қызанақ; сүтпен пешке піскен 
алма.
кешкі ас: буға піскен немесе қуырылған кәді немесе кәдіден ола-
дьи, сүт қосылған шай және тоқаш.
сағат 21.00 – қатық (айран немесе алма).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет