209
текті тағамдарды қабылдау және тамақтанудағы майлардың деңгейі
арасындағы тікелей корреляциямен, сонымен қатар тамақтанудағы
әдетпен және құрамына майлар кіретін жануар текті,
майлардың
дәміне тәуелділігімен түсіндіріледі.
еңбекке қабілетті ересек тұрғындар үшін майлардың үлес салмағы
аймақтар бойынша құндылықтың көрсеткішіне байланысты орташа
33% көлемде анықталған. Оңтүстік аймақ үшін – 27-28%, солтүстік
аймақ үшін – 38-40%. Өсімдік майларын ұсынылған қабылдау мөлшері
майлардың жалпы қабылданған мөлшерінің 30%-ын құрайды. әртүрлі
майлардан тұратын рационның физиологиялық толықтылығын
бағалау мақсатында ересек тұрғындардың барлық топтары, соны-
мен қатар жүкті және балалы әйелдер үшін құндылығы 4-6% линоль
қышқылының қабылдау нормалары беріледі.
тұрғындардың әртүрлі топтарына энергия және тамақтық заттар
қажеттілігін анықтау үшін климаттық факторлар есепке алынады.
Үш климаттық аймақ: орталық, солтүстік және оңтүстік ізденісі
қарастырылады. солтүстік аймақ үшін
энергия қажеттілігі орталық
тұрғындарының топтарына ұсынылған құндылық мөлшерінен 10-15%
асады, ал белоктар мен көмірсулар салыстырмалы түрде (құндылық
%-і) шамамен бірдей.
Демек, солтүстіктің тұрғындары үшін майлардың қажеттілігі
жалқы жағдайдан да, салыстырмалы жағынан да құндылығы бой-
ынша 38-40% дейін жоғарылаған. Оңтүстік үшін энергия қажеттілігі
(орталықпен
салыстырғанда)
көмірсулармен
алмастырылатын
майлардың квотасы есебін 5%-ен төмендеген.
В1, В2, В6, РР және с дәрумендерге қажеттілік белоктар және
энергия қажеттілігінің ұсынылған мөлшерімен анықталады. жаңа
зерттеулердің нәтижелері бойынша В2, а
және Д дәрумендерге
қажеттілік мөлшері айқындалған. нормаға бұрын ұсынылмаған үш:
флоацин, В12 және е витаминдері кірген.
минералды заттар тобының ішінен кальцийдің, фосфордың,
магнийдің және темірдің ұсынылған қажеттілік нормасы берілген.
сонымен, 18-59 жас аралығындағы еңбекке қабілетті ересек тұрғындар
үшін тамақтануды нормалаудың негіздері беріледі. адамдар бес
топтың кез келгеніне жатуы мүмкін, сондықтан жалпы істейтін
жұмыстары біріккен тұрғындардың жеке топтарының тамақтануы
туралы айта кету керек.