Абжанова сокращенная indd


Жүкті, босанған әйелдер мен бала емізетін аналардың



Pdf көрінісі
бет107/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   189
Жүкті, босанған әйелдер мен бала емізетін аналардың 
тамақтануы. Дені сау әйелдердің жүктілік кезіндегі тамақтануы
Ұтымды тамақтану жүктіліктің қолайлы өтіп, аяқталуының, 
ұрық пен жаңа туған нәрестенің дамуының маңызды шарттарының 
бірі болып табылады. жүкті әйелдің тамақтануы денсаулығының 


197
жай-күйіне, дене салмағына, жыл мезгіліне, жүктілік мерзімі мен 
тұрмыстық әдеттеріне қарай түрлендіріледі. Дене салмағы артық 
болса, көмірсулар мен майлардың қысқаруы есебінен ас үлесінің 
құнарлылығы кемиді. Дене салмағы аз болса, ас үлесінің құнарлылығы 
негізгі нутриенттер арасындағы қажетті арақатынасты сақтаумен 
артады. 
жүктіліктің бірінші жартысында, әйелдің тамақтануы оның 
жүктілікке дейінгі тамақтануынан елеулі ерекшеленбеуге тиіс. алайда 
бірінші үш ай органогенез кезеңі болып табылатындықтан, жүкті 
әйелдің толыққанды ақуыздар, дәрумендер, мен микроэлементтерді 
оңтайлы физиологиялық мөлшерде алғаны өте маңызды. жүктіліктің 
бірінші жартысында тәуліктік ас үлесінде жалпы құнарлылығы 2400-
2700 ккал болатындай орташа есеппен: 110 г ақуыз, 75 г май және
350 г көмірсулар болуы керек.
жүктіліктің екінші жартысында ұрықтың өсуіне байланысты 
ақуызға деген қажеттілік артады. ас үлесіндегі ақуыз мөлшері – 
120 г-ға дейін, майлар – 85 г-ға дейін, көмірсулар 400 г-ға дейін арт-
тырылуы керек. тәуліктік ас үлесінің жалпы құнарлылығы 2800-
300 ккал-ға дейін артады.
туғанға дейінгі демалыста еңбек шарттары өзгереді, қуат жұмсау 
төмендейді, сондықтан тамақтың құнарлылығын азайту қажет.
ақуызға дейінгі қажеттілік, негізінен, толыққанды жануарлар 
ақуыздарымен қанағаттандырылуы керек және жүкті әйелдің күндізгі 
ас үлесіндегі олардың үлесіне 50% келеді, олардың шамамен 5%-ы ет 
пен балық есебінен, 20%-ы сүт есебінен және 5%-ға дейін жұмыртқа 
есебінен жүреді. сүт, қатық, айран, майлы емес сүзбе, ащы ірімшік, 
қайнаған ет, балықта тек қана жеңіл сіңірілетін ақуыздар ғана емес, 
таптырмайтын амин қышқылдарының оңтайлы арақатынасы бар. 
жүктіліктің екінші жартысында сығып алынғанзаттар (балық, ет, 
саңырауқұлақ сорпалары мен тұздықтары) тұтынған жөн. көкөністі, 
сүтті және жемісті сорпаларды ішіп-жеуге кеңес беріледі.
жүкті әйелдің ас үлесіндегі көмірсулар мен ұрық салмағы 
арасындағы тікелей корреляциялық тәуелділік орнатылған, сондықтан 
жүкті әйел көмірсуларды, негізінен, өсімдікті жасұныққа бай өнімдер 
(ірі үгінді нан, көкөністер, жемістер мен жидектер) есебінен алуы 
керек. Қыста және көктемде шырындар (алма, қара өрік, томат) немесе 
олардан дайындалған компоттар, кисельдерді тұтынуға кеңес беріледі. 
жүктіліктің екінші жартысынан бастап, әйел кондитерлік өнімдерді, 


198
 
 

тосап, кәмпиттерді жеуді шектеуі керек, себебі олар жүкті әйелдің 
және ұрықтың дене салмағының артуына себепкер болады. Қант 
мөлшері күніне 40-50 г-нан аспауға тиіс.
ағзаның кейбір дәрумендер мен тұздарды қалыпты сіңіруді 
қамтамасыз етуі үшін майлар қажет. Дені сау жүкті әйелдің ас 
үлесінде майлар құнарлылықтың 30%-ын құрауға тиіс, бұл ретте 40% 
қанықпаған майлы қышқылдар мен е дәруменіне бай өсімдік май-
ларына келуі тиіс. Өсімдік майларынан – күнбағыс, жүгері, зәйтүн 
майы, мал майынан – жоғары сұрыпты сарымай және ерітілген май 
тұтынуға кеңес беріледі. Қой және сиыр майы сияқты қиын еритін 
майлар мен мал майларының кейбір басқа түрлері мен маргаринді ас 
үлесінен шығарған жөн.
жүкті әйелдің сұйықтыққа деген тәуліктік қажеттілігі шамамен 
2-2,5 л құрайды, осы мөлшердің көп бөлігі өнімдерде болады. бос 
сұйықтықты (су, шай, сүт, кисельдер, компоттар, бірінші тағамдар) 
1-1,2 л ішуге болады. жүктіліктің соңғы апталарында, әсіресе 
ісінулерге бейімділікте, тәуліктік ас үлесіндегі бос сұйықтық мөлшері 
700-800 мл құрайды.
жүктіліктің қолайлы өтуі, тууға дайындық, ұрықтың және 
жаңа туған нәрестенің қалыпты дамуы үшін В1, В2, В3, В5, В6, 
В12 дәрумендері, фолий қышқылы, аскорбин қышқылы, Р, а, D2 
және е дәрумендерінің маңызы үлкен. жүктілік кезіндегі оларға 
деген қажеттілік екі есе дерлік өседі. Өсімдікті (ірі үгінді ұннан 
дайындалған өнімдер, жарма, бұршақтар, картоп, томат, жемістер мен 
жидектер) және мал (бауыр, ет, жұмыртқа, сүзбе, сүт, май) өнімдерінің 
кең ассортиментін тұтыну жүкті әйелдің дәрумендерге деген негізгі 
қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қысқы және ерте көктемгі айларда 
тамақты дәрумендендіру немесе полидәрумендер тағайындау қажет. 
Дәрумендерді үлкен мөлшерде қабылдау зиян келтіруі мүмкін.
жүкті әйел минералды тұздардың (кальций, фосфор, темір, калий, 
натрий мен т.б.) және микроэлементтердің (жез, кобальт, йод пен 
т.б.) жеткілікті мөлшерін алуға тиіс. жүктілік кезіндегі оларға деген 
қажеттілік әсіресе оның екінші жартысында артады. Олардың барлығы 
тамақ өнімдерінің құрамына кіреді және оларды дұрыс таңдағанда 
оларға деген қажеттілік толығымен қанағаттандырылады.
ас тұзын тұтынуға ерекше назар аударылады. жүктіліктің бірінші 
жартысында оны тәулігіне 10-12 г-ға дейін қабылдауға болады, екінші 
жартысында 8 г-ға дейін шектеледі, ал соңғы екі айда 5-6 г-ға дейін 
ғана тұтыну керек.


199


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет