Абжанова сокращенная indd


    Жорық кезіндегі тамақтану



Pdf көрінісі
бет104/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   189
190
 
 

Жорық кезіндегі тамақтану
таңғы ас тәуліктік азық құрамының 30%-ын құрайды, бірақ көлемі 
жағынан аз және жеңіл қорытындылатындай болуға тиіс. ең жақсы- 
сы – ірімшік қосылып пісірілген бутерброд, шұжық, консерві майлы 
ботқаны және міндетті түрде шайды пайдаланған дұрыс. жорықтарда, 
балалар мен жасөспірімдер болса, 2-3 сағаттық қозғалыстан кейін 
печенье, конфеттер, жемістер, халва, т.б. бар екінші ас ішіледі.
түскі асқа міндетті түрде сорпа дайындалуы қажет. Оны арнайы 
құрғатылған азықтан әзірлейді. ет және балық консервілерін қайнаған 
суға 5-10 минут қана ұстайды. екінші тағам түрі кисель, какао, қою 
сүт болады.
кешкі асқа әдетте құнарлы ботқа, ет, компот, тәтті күлше, печенье 
және басқалары әзірленеді. ет, шұжық тәрізді басқа тез бұзылатын 
тағамдар жорықтың алғашқы күндерінің қажетіне жаратылуға тиіс.
тамақ әзірлеу үшін тек қаңыртырлы ыдыс қана пайдаланылады. 
Цинктен, әсіресе мыстан жасалған ыдыстарды пайдалануға мүлде 
болмайды. тамақ әзірлеу мерзімінің ұзақтығы азық-түлік құрамына, 
оның көлеміне, ортаның температурасына және тұрған жердің биіктік 
деңгейіне байланысты. неге тұрған жер биіктігінің деңгейіне бай-
ланысты? Оның себебі, жазық жерде су 100 градуста қайнаса, ал 
1000 м биіктікте су – 96,7 градуста, 1500 м биіктікте – 95 градуста, 
2000 м биіктікте – 93,3 градуста қайнайды. егер тамақ суық кезде 
немесе желді күні дайындалса, оның қайнауы ұзаққа созылады. Орта 
есеппен сиыр еті – 1,5-2,5 сағат, тауық еті – 1-1,5 сағат, балық – 15 
минут, ұнтақ ботқасы – 5-7 минут, арпа, қарақұмық жармасы – 20-30 
минут, арпа, сұлы – 50-60 минут, күріш – 20-30 минут, макарон – 15-25 
минут, картоп 20-25 минут қайнауға тиіс. тамақ әзірлеу үшін ең алды-
мен от жағу қажет, оның жалыны қазанға тегіс тиіп, қыздыратындай 
болуы керек. егер етті қайнаған суға салмай, суық суға салып
қайнататын болсаң, онда ол дәмсіздеу болады. егер қайнаған суға бір-
екі қасық уксус қоссаң, онда ет жұмсара түседі. макаронды тағамды 
қайнату үшін қайнаған, тұз салынған суға салып: вермишельді – 8-10 
минут, кеспені – 15-20 минут, түтік кеспені (макаронның бір түрі) 
20-25 минут қайнатады. кейін суын төгеді. Құрғақ бұршақ және 
фасоль түнге қарай суға бөктіріледі. Оларды қайнату үшін суық 
суға салады, қайнаған кезде тұз қосады. егер қазанға не ыдысқа бір 
кесім ет немесе маргарин салса, онда судың бетінде майлы көбік 
пайда болады, ол сорпаның салқындауына кедергі келтіреді, картоп 


191
әлдеқайда тез піседі. кисельді, сүт қосындысын, какаоны алдымен 
табаққа сап, түйіндері ұнтақталғанша езеді, содан кейін қайнатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет