192
үрдістерден басым болады. бұл кезде жұмсақ мақсаттар үшін бұлшық
ет адиназинтрифосфатының пайдаланылуы шектеледі. Ол, негізінен,
энергетикалық мақсатта қолданылып, бұлшық еттердің қарқынды
жұмысын қамтамасыз етеді. сонымен қатар жұмыс гепоксиясының
пайда болуы мен оттектік қажеттіліктің
өсуіне байланысты болатын
гликолитикалық үрдістердің жоғары қарқындылығы көрсетіледі. сол
сияқты, толық қарқынды спорттың жүктеме кезінде метаболитикалық
үрдістердің сипатында өзгерістер айқындалады.
екінші тип орташа жүктемелерге тән. бұлшық етте, қанда және
Ожж-дегі биохимиялық көрсеткіштер мен олардың арақатынастары,
негізінен, қалыпқа келеді, көп мөлшерде бұлшық еттен тыс энергия
көздері қолданылады, гликолис үрдістері аэробты тотығу үрдістерімен
ығыстырылады және метаболизм үрдістері жалпы алғанда,
тұрақты
сипатта болады. сонымен бірге әртүрлі дәрежедегі оттекті қарыздану
да болуы мүмкін.
зат алмасудың үшінші типі ұзақ уақытты орташа және біркелкі
қарқынды физикалық жүктемелер кезінде пайда болады. бұл кезде
метаболиттік үрдістердің тұрақты күйдің екінші реттік бұзылулары –
гликолиздің күшеюі, жұмыстық глипоксияның пайда болуы,
оттектік қазырдың түзілуі т.б жүреді. зат алмасудың бұндай типіне
қалыпқа келуі ұзақтығы тән. зат алмасудың жоғары қарқыны және
оттегі жұмсалуының жоғары болуы екі тәулікке дейін сақталады.
спорттық әрекеттің негізгі түрлеріне тән зат алмасулардың аталған
ерекшеліктері спортшылардың тамақтануына
қойылатын талаптарды
анықтауға мүмкіндік береді. сандық қатынаста спортшылардың
тамақтануы жеткілікті, әрі ағзаның энергетикалық және жұмсақ
шығындарын толықтай толтыруы керек.
Спортшылардың тамақтану рационының сапалық құрамы
тамақтың сапалы құрылымы машықтанатын спортшылар үшін аса
маңызды болып келеді. Олардың тамақтанулары өзгеше, зат алмасудың
өтуіне байланысты ерекшеліктерге ие. тамақтану сипаты организмнің
құрылымына, қаңқалық бұлшық еттер ерекшеліктеріне, май мен
судың артықшылықтарының жойылуына әкеледі. зерттеушілердің
мәліметтері негізінде белгілі тамақ
рационының спорттық еңбекке
қабілеттілікке әсерін тигізетінін және сонымен қатар физикалық
жүктемелерден кейін қалпына келу спорттық жетістіктердің жоғары-
лауына әкелетінін анықтады.
193
белгілі тамақтану рационы ас қорыту үрдістеріне әсер етіп, ағзадағы
физиологиялық үрдістерді керек жаққа бағыттап, психологиялық
әрекеттің дамуына, еңбекке қабілеттілігін жоғарылатып, сыртқы
ортаның жағымсыз әсерлеріне тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік
береді. Осының өзінде тамақта тек белгілі
тағамдық заттар болуын
ғана емес, сонымен қатар олардың арасындағы сандық арақатынасты
да қадағалау керек, басқаша айтқанда, сапалы теңестірілген диета
сақтау керек.
соңғы жылдардағы зерттеулер ақуыз, майлар және көмірсулардың
спортшылар тағамдарындағы рөлін анықтауда, олардың арасындағы
арақатынас 1:0,8:4 тең, қалыптасқан май бөлігінен төмен болуы керек.
бұл физикалық жаттығуларды орындағандағы
ерекшеліктерімен
түсіндіріледі, яғни оттегінің нақты тұтынылуы ағзаның оған деген
қажеттілігінен төмен болып келеді. Осындай жағдайда энергетикалық
материал ретінде көмірсулар, ал майлар көмірсудың аз болуында
тотығулары нашар жүреді де, ағзадағы керексіз толық тотықпаған
азық-түліктермен толтырады (кетондық денелер).
Достарыңызбен бөлісу: