Абжанова сокращенная indd


Белсенді туризмде тамақтану



Pdf көрінісі
бет103/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   189
Белсенді туризмде тамақтану
белсенді туризм бұл шаңғы, ат, велосипедті пайдалану арқылы 
пайда болған туризм түрі болып табылады. жалпы алғанда, 
белсенді туризмнің негізгі екі түрі бар: белсенді және бой күйез 
белсенді туризм. бұлай болып бөлінуі саяхаттау және демалу бары-
сында қолданылатын құралдардың түріне байланысты болып 
келеді. белсенді туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып 
есептеледі. белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен 
танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек 
қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-
жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. көпшілік көп адамдар 
таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, 
таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен 
жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене 
бастайды. белсенді туризм және табиғатта демалу – табиғатқа жақын 
белсенді туризмнің түрі – қазіргі уақытта танымал экологиялық 
туризмімен ортақ жақтары бар.


188
 
 

туристік саяхатты табысты өткізудің маңызды мәселесі – ол 
туристердің дұрыс, әрі қауіпсіз тамақтануы. тамақ дене ауырт-
палығымен болған күшінің орнын толтыру үшін қажет. тамақтануды 
ұйымдастыру оны есептеуден, сатып алудан, салудан және дұрыс 
бөлуден тұрады. азық-түлікке қойылатын ең басты талаптар: 
жоғары калориялылық, салмағының жеңілдігі, ұзақ сақталуы 
мен суланбауға шыдамдылығы. азық-түлікке қажеттілік туристік 
топтың тәжірибесіне, материалдық және көліктік мүмкіндіктеріне 
қарай есептеледі. тағамдар құндылығы оның калориялылығымен 
таңдалады. тамақ калориялылықпен қатар, құрамындағы негізгі 
қосылыстары дұрыс қатынасымен де сипатталады. саяхатқа алынған 
тағамдар ішінде құрамында көміртегі бар азық-түліктер болуға тиіс. 
адамға орташа бұндай өнімдерден 500-800 г қажет етіледі.
тағамның келесі энергетикалық көзі – бұл майлар. салмағына 
қарай олар көп калориялы болып келеді. адамға күніне 70-100 г 
әртүрлі майлар қажет. Қатты ыстық кездерде ағзаның көміртекке 
қажеттілігі төмендейді және калория жетіспеушілігінің орнын май-
лар толтырады. майлы, құнды тамақтарды қыс уақытында көп 
қолданады. көміртек пен майлар қандай да бір деңгейде бір-бірінің 
орнын толтыра алады.
ақуыздар (балық, жұмыртқа, сүт өнімдері), негізінен, ағза жасу-
шаларын орнына келтіру, гормондар мен ферменттердің жасалуы 
үшін қажет. адамға күніне 70-100 г ақуызды өнімдер қажет, оның 
айтарлықтай бөлігі сүт ақуыздарынан болуға тиіс. тамақ ағзаны 
әртүрлі дәрумендермен қамтамасыз ету керек. барлық дәрумендер 
ағза үшін жеткілікті түрде жеміс-жидектер құрамында болады. мине-
ралды тұздарды ағза көкөністері мен және ішетін сумен бірге алады. 
нан құрамында ас тұзы ағза үшін жеткілікті болады. тағамдарды 
тұздауға кеткен тұз мөлшерін есепке алсақ, адам күніне 20-30 г тұз 
тұтынады. ыстық күндері бұл мөлшер 40 г-ға дейін өседі.
су туристік саяхат кезінде өте маңызды орын алады. тамаққа 
қарағанда, судың жетіспеушілігі ағзаны тез, әрі қатты әлсіретеді. 
туриске күніне 3 л су қажет болады. асқазанды ауруға шалдықтырмау 
үшін, суды қайнатып ішу керек. судың құрамы нашар болса, оны 
қайнатар алдында марганцовкамен тазалау процедурасын жүргізу 
керек. суды жағалауда кішірек шұңқыр қазып, сонда тұңдырып 
алуға болады. ыстық күндері суды жиі ішпеген жөн. себебі, су дене-
ден термен қоса ағзаға қажетті тұзды алып кетеді. ағза тұздың тепе-


189
теңдігін орнына келтіру үшін суға қажеттілік білдіреді. сол үшін 
туристік жорықтар кезінде суды таңертең ішіп алып, ал түскі аста 
0,5 л сұйықтыққа есептеген дұрыс болады. жол үстінде су ішпеген 
жөн, ыстық болған жағдайда 1-2 рет қана аздап ішу керек.
күн тәртібі үш уақытты ыстық асты қарастыруға тиіс. Құрғақ 
тамақтануға болмайды. бұл ас қорыту жүйесінің бұзылуына, асқазан 
ауруына әкеліп, адамның жұмысқа қабілетін төмендетеді. жорықтар 
кезінде азық-түліктер тез ластанады, яғни ағзаға инфекция түсіруі 
мүмкін. ыстық кездерде саяхаттарда тамақтану үлесі бойынша 
түскі ас – 40%, таңғы ас – 35%, кешкі ас – 25% құрайды. ал қысқы 
мезгілдерде таңғы және кешкі ас құнарлы болып, ал түсте жеңіл тамақ 
ішкен жөн. жорықтар кезінде ішімдік қабылдамау керек. ішімдік 
адамды әлсіретіп, жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді. Ол уақытша 
қоздырып, артынша күшін азайтады. Қыстыгүні тоңған кезде бір 
стақан шайға бір шай қасық арақ қосып берсе, ол адамды жылытады. 
азық-түліктер мөлшерін сол жердегі аң, балық, саңырауқұлақ, 
жеміс-жидек сияқтыларға есептеп азайтуға болмайды. әр жылы 
өнімділік әрқалай болады. саяхаттар үшін тағамдар қоспаларын да 
көп есептемеген жөн. Оларды тек жоғары таулы жерлерде, ормансыз 
аймақтарда, яғни тамақ дайындауға қиынға соғатын орындарда бола-
тын саяхаттарда ғана алған дұрыс. Қоспаларды саяхатқа алар алдында 
оларды үйге пайдаланып көру керек.
азық-түліктер алдын ала құрастырылған тағамдар тізімі мен 
қатысушылар санына қарай есептеледі. Ұзақ уақытқа саяхатқа шыққан 
кезде азық-түліктер есебі бір адамға шаққандағы орташа норма бой-
ынша жүргізіледі. саяхат алдында барлық азық-түліктерді жинап, 
пакеттерге дұрыстап салу қажет. азық-түліктер суланбауы үшін 
оларды судан қорғайтын орамаларға салу керек. жаяу турист үшін, 
әдетте, үлкен бір мықты су өткізбейтін астары бар рюкзак болғаны 
жөн. бұндай рюкзакқа азық-түліктерді жай орамалармен салуға 
болады. байдаркалармен болатын саяхаттарда азық-түліктерді жеке су 
өткізбейтін пакеттерге салу ұсынылады. азық-түліктерді 1-2 кг-нан 
пакеттерге салған дұрыс. керекті заттарды тез тауып алу үшін, пакет-
терге жазып қойған жөн. азық-түліктерді бөлген кезде әрбір турист 
немесе қайық экипажының өзінің азық-түлігі болатындай етіп салу 
қажет. мысалы, нан әрбір туриске салынуы керек. себебі, қандай да 
бір апат болған жағдайда оның жоғалуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет