Еңбек ету санитариясы мен гигиенасы туралы негізгі мәліметтер Еңбек ету гигиенасы – адам ағзасына еңбек ету үдерісі мен
өндірістік орта жағдайының шарттарының әсерін зерттейтін
гигиеналық ғылым саласы. Ол еңбек етушілердің денсаулығын
сақтауға, жұмысқа қабілеттілігі мен еңбектің өнімділігіне негізделген
гигиеналық іс-шараларға, нормалар мен ережелерге сүйенеді.
аспазшылардың, кондитерлердің, даяшылардың еңбегі энер-
гия жұмсау дәрежесі бойынша үш топқа жатады. бұл топқа түрегеп
тұрып жұмыс істейтін, бұлшық ет пен қолды талдыратын ауыр
салмақ көтеретін, микроклиматтық жағдайы жағымсыз (жоғары тем-
пература, жоғары ылғалдылық және ауаның ластануы), сонымен қатар
механикалық құрал-жабдықтарда және жылу аппараттарымен жұмыс
істейтін жұмысшылар жатады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында дұрыс ұйымдастырыл-
маған еңбек ету үдерісі кезінде осы факторлардың барлығы
жұмысшының денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігіне кері әсер етіп,
өндірістік залал келтіреді.
жұмысшылардың кәсіпорында еңбек ету шарттарын жақсарту
үшін келесі ережелерді:
– еңбек ету және дем алу шарттарын қадағалау;
– өндірістік цехтарда жағымды микроклимат шарттарын қада-
ғалау;
– жұмыс орындарын дұрыс жарықтандыру;
– өндірістерде дұрыс тұрмыстық жағдай ұйымдастыру керек.