221
тұрғын үйлердің тазалығына, қала көліктері мен кәсіпорын қалдық-
тарынан атмосфераны қорғауға, жалпы
мәселе ішінен балалар мен
жасөспірімдер денсаулығын қорғауға, халықтың денсаулығын сақтау
үшін тамақтандыруды ұйымдастыру кәсіпорындарына үлкен мән
беріледі.
тамақтану гигиенасы физиология, биохимия, витаминологиямен
тығыз байланысты. Оның негізгі шарттарына келесілер жатады:
– физиологиялық қажеттіліктерді анықтау және халықтың еңбек
ету, өмір сүру
шарттары мен жасына, жынысына, климат
жағдайларына байланысты әртүрлі топтардың сандық және
сапалық тамақтану комитеттерін құру;
– толыққанды тамақтанумен қамтамасыз ету (тағамды дәрумен-
дермен, амин қышқылдарымен байыту);
– тағамдық азық-түліктерді сыртқы орта факторларының кері
әсерінен қорғау іс-шараларын ұйымдастыру;
– әсерлі санитарлық бақылау әдістерін құру.
тағамдық санитария – халықты сапалы және толыққанды азық-
түлікпен қамтамасыз ету іс-шараларын жүзеге
асыратын гиги-
ена саласы. сонымен қатар ол тағам дайындайтын кәсіпорындарда
санитарлық бақылауды ұйымдастырады және азық-түліктердің
санитарлық сраптауын қамтамасыз етеді.
санитарлық ережелер тамақ өнімдерін өндіру, сақтау, тасымал-
дау және өткізуде гигиеналық нормативтер мен эпидемияға қарсы
ережелердің сақталуын бақылауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта
тамақтану гигиенасы, халықтың тамақтануы
саласында мемлекеттік
амалдарын әзірлеуді қамтамасыз ете отырып, маңызды қоғамдық
сипат алуда.
Дұрыс тамақтану саласындағы мемлекеттік саясат халықтың
әртүрлі топтарының салт-дәстүрлерін, әдеттерін және экономикалық
жағдайын ескере отырып, ұтымды дұрыс тамақтануға деген
қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жағдайлар
туғызуға бағытталған
іс-шаралар кешенін білдіреді.
тамақтану халықтың денсаулығын айқындайтын маңызды
факторлардың бірі болып табылады. Дұрыс тамақтану аурулардың
алдын алуға, жұмыс істеу қабылеттілігін арттыруға және адам өмірін
ұзартуға септігін тигізеді.
сонымен бірге соңғы онжылдықтарда Қазақстанда халық
денсаулығының, хал-жағдайының нашарлауы байқала бастады.
Орташа өмір ұзақтығы, әсіресе ерлер үшін, еуропа мен американың
222
дамыған елдеріне қарағанда, әлдеқайда төмен. Қатерлі ісік пен жүрек-
қан тамырлары ауруларының өсуі халықтың дұрыс тамақтанбауына,
соның ішінде дәрімендер мен микрэлементтерді жеткілікті түрде
қабылдамауына байланысты. азықтық
шикізат пен тағамдық өнім
сапасы әсіресе өткір мәселе болып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: