250
ультракүлгін мен рентгендік сәулеленудің
бактерицидтік әсері
ақуыздар мен нуклеин қышқылдарында қайталамайтын өзгерістерді
тудыруында. Қысқа толқынды сәулелену – спектрдің көгілдір және
күлгін бөлігі, сондай-ақ жойқын болып табылады. толқынының
ұзындығы 200-450 нм қысқа толқынды сәулелену алу үшін
жоғары
және төмен қысымды сынапты-кварцты шамдар пайдаланылады.
мұндай шамдардың қолданылуы сәулеленуі ауадағы және әртүрлі
беткейлердегі микроағзаларға әсерін тигізеді. бактерицидтік
шамдардың екі: ашық және жабық типі болады. ашық шам-
дар дезинфекцияланатын үй-жайда адамдар болмаған кезде ғана
қосылады. сәулеленудің жиынтық уақыты 6-8 сағат болуға тиіс.
жабық сәулелендіргіштерді адамдар бар кезде де қолдануға болады.
Физикалық әдістерге ультрадыбыспен стерильдеу де жатады.
Дезинфекциялаудың химиялық әдістері – әртүрлі беткейлердегі
микроағзалардың жойылуын тудыратын әртүрлі заттарды пайдалану.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында
қолданылатын дезинфек-
циялаушы құралдар үш топқа бөлінеді: хлоры бар, төрттік аммонийлі
қосылыстар мен ббз, оттегісі бар құралдар. Дезинфекциялаушы заттың
негізгі қасиеттерінің бірі оның микроағзаларды жылдам (бірнеше
минут) жою қабілеттілігі болып табылады, дезинфекциялаушы заттар
вегетативтік жасушаларды ғана емес, споралардыда жойып,
тұрақты
формалардың пайда болуын тудырмайды. Хлоры бар дезинфекцияла-
ушы құралдар: хлорлы әк, натрий мен калий гипохлориттері, а және б
хлораминдері мен басқалары. Олардың әрекет етуі осы қосылыстардың
диссоциациясы кезінде түзілетін гипохлорит ионы арқылы белсенді
хлор мен оттегінің бөлінуіне негізделген. Органикалық емес хлоры
бар заттардың кемшіліктері: хлордың қатты иісі,
тұрақтылығының
нашарлығы, жарықта тез бұзылуы, металдарға тот басу әрекет етуі,
жабындар мен материалдардың түсінің кетуі. Органикалық хлоры бар
заттар қолдану ыңғайлырақ, жабындар мен материалдардың түсін
кетірмейді, құрғақ күйінде
өзінің қасиеттерін жоғалтпай, үш жылға
дейін сақталады.
Органикалық хлоры бар дезинфекциялаушы құралдарға хлордың
иісі бар ақ ұнтақ,
суда жақсы еритін, 24-28% белсенді хлор – хлора-
мин жатады. әдетте, ол тура қолданар алдында дайындалатын 0,5-2%
қоспалы ерітінді түрінде пайдаланылады.
заласыздандырушы іс-шаралардан кейін залалсыздандырушы
заттар залалсыздандырылған барлық өндірістік нысандардан жуу
арқылы тиянақты тазартылуға тиіс. тағам өндірістерінде мемлекеттік
251
эпидемиологиялық қызмет органдары
мен мекемелері рұқсат еткен
дезнифекциялаушы құралдар және олар қоса берілетін ережелерге
сәйкес қатаң қолданылып, дайындаушының ыдысында арнайы орын-
дарда сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: