Абжанова сокращенная indd


Тамақтан улану және олардың алдын алу



Pdf көрінісі
бет144/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   189
Тамақтан улану және олардың алдын алу
тамақтан улануға құрамында ауру микроағзалары немесе олардың 
токсиндері немесе тегі микробты емес ағза үшін басқа улы заттары 
бар тамақты жегенде пайда болатын әртүрлі аурулар жатқызылады. 
ішек инфекцияларына қарағанда, тамақтан улану контагинозды емес, 
ауру адамнан сау адамға берілмейді. бұл аурулар көптеген адамдарды 
қамтитын жаппай ауыру түрінде пайда болады. тамақтан улануға 
кенет басталу және қысқа уақыт болу тән. 
уланулардың пайда болуы, әдетте, құрамында зиянды заты бар 
белгілі бір тамақ өнімін тұтынуға байланысты. Құрамында зиянды 
заттары (пестицидтер, қорғасын) бар тамақ өнімдерін ұзақ уақыт 
тұтыну жағдайларында тамақтан улану созылмалы аурулар түрінде 
де жүреді. уланудың клиникалық белгілері, әдетте, асқазан-ішек 
жолының бұзылуымен сипатталады. бірақ бірқатар жағдайларда бұл 
белгілер (ботулизм, қорғасын қосылыстарымен улану және т.б.) бол-
майды. тамақтан улануға балалар, қарт адамдар мен асқазан-ішек 
жолы ауруларымен ауыратын адамдар сезімтал болып келеді. Олар 
уланудың, әдетте, ауыр түрімен ауырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет