Абжанова сокращенная indd


Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің кезеңдері



Pdf көрінісі
бет147/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   189
259
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің кезеңдері
тамақ өнімдерінің санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасы 
келесі кезеңдерден тұрады:
1) дайындық кезеңі және өнім туралы мәліметтерді зерттеу;
2) өнімнің орналасқан жері бойынша өнім мүддесін қарау;
3) қапталған өнімдерді ашу және олардың органолептикалық 
бағасы;
4) зертханалық зерттеулер үшін өнім сынамаларын алу;
5) зертханалық зерттеулер мен алынған үлгілерді сынау;
6) сараптама нәтижелері бойынша қорытынды жасау.
сараптаманың бірінші кезеңіне тексерілетін өнім технологиясына, 
оны сақтауға және өткізуге қатысты нормативтік құжаттармен танысу, 
өнім сапасына, оның қаптамасы мен ыдысына қойылатын талап-
тарды белгілейтін нормативтік құжаттармен танысу жатады. әрбір 
топтамаға көлік жүкқұжаты (көлік құралына берілген санитарлық 
төлкұжат көшірмесімен), өндірушінің сапа мен қауіпсіздікке кепілдік 
беретін куәлігі (отандық өнім үшін), санитарлық-эпидемиологиялық 
қорытынды (импорттық өнім үшін), өнімнің аталған топтамасына жата-
тын нормативтік құжаттар көшірмесі кіретін құжаттар жинақталымы 
қоса берілуге тиіс. егер тауар ерікті түрде сертификатталмаған 
жағдайларда (және міндетті сәйкестігі келуін талап етілмесе) және 
сапасының мемлекеттік стандарттары бекітілмесе, онда осыған ұқсас 
сертификатталған өнімге қолданылатын гигиеналық талаптарды 
басшылыққа алған жөн.
тамақ өнімдерінің топтамасына толық құжаттар пакеті болмаған 
жағдайда, қауіпті болуы мүмкін деп танылып, сапасыз, қауіпті өнімдік 
шикізат пен тамақ өнімі тиісті сараптамаға жіберіліп, оны ары қарай 
пайдалану немесе жою туралы шешім қабылдауға тиіс. 
Өнімнің орналасқан жері бойы өнім топтамасын қарай топтаманы 
сақтау тәртібі мен жағдайларын, жөнелтпе құжаттамадан алынған 
мәліметтерді ескере отырып оның мөлшерін анықтаудан басталады. 
ыдыс, қаптаманың жай-күйі, таңбалаудың болуы мен мазмұны 
айқындалады. зақымдану, пішін өзгеруінің болмауы, ластануы мен 
ашу іздерін тексеріледі. 
ыдыс ашылғаннан кейін, бүліну, ластану, қойма зиянкестерінің 
болуы, бөтен иіс пен дәмінің өзгеруі белгілерін анықтау мақсатында 
өнім сапасына органолептикалық зерттеу жүргізіледі. тамақ өнімінің 
сапасын жоғалтуы жөнінде негізделген күдік болмаса, сарапта-


260
 
 

маны осы кезеңде, өнімді одан ары қарай пайдалану тәртібі жөнінде 
қорытындысы бар, топтаманы қарау нәтижелері туралы актіні жаса-
умен аяқтауға болады. санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың 
төртінші кезеңі тамақ өнімінің сапасының жоғалу күдігін бірінші 
кезеңдерде тексеру жағдайларында, сондай-ақ жоспардан тыс немесе 
тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін мониторингілеу аясында 
сынамаларды жоспарлы таңдап алу кезінде ғана жүргізіледі.
зертханалық зерттеулер үшін бүліну белгілері айқын өнім үлгілері: 
органолептикалық бүліну белгілері бар өнімдер (бөтен иістер, түсінің 
және сыртқы түрінің өзгеруі), сынған шыны ыдыстардағы немесе 
қампию белгілері бар қаңылтыр ыдыстардағы консервілер, суланған 
ұн, қант, жарма мен кондитер өнімдері, зиянкес жәндіктері бар 
өнімдер алынбауға тиіс. мұндай өнімдер белгіленген тәртіпте қайта 
өңдеуге жатады.
зертханалық зерттеулерге сынамалар алу нормативтік-техникалық 
құжаттаманың талаптарына сәйкес жүргізіледі. алынған үлгілерге 
толық зертханалық талдау жүргізуді қамтамасыз ету үшін, 400 грам-
нан 3 кг-ға дейін үлгілер алынады. Өнімнің орташа сынамалары 
өнімнің бүкіл топтамасының қасиеттерін көрсетуге тиіс. сұйық және 
жартылай сұйық тығыздығы өнімдерді әбден араластырылады, сусы-
малы өнімдер қаптаманың немесе үйіндінің жоғарғы, ортаңғы және 
төменгі қабаттарынан арнайы қуыс бұрғының көмегімен алынады. 
балық, тұздалған ет, кондитер өнімдері, көкөністер сынамалары 
сондай-ақ өнімнің жоғарғы және астыңғы бөлігінен алынады.
сынамаларды алу өнім үлгілерін алу актісімен ресімделеді. 
алынған үлгілер таза құрғақ және тығыз жабылатын банкілерге салы-
нып, өнім атауы, сынама алынған күні, нысан атауы жазылған заттаңба 
жабыстырылады. Үлгілерді алу актісінде зертханалық жүргізу үшін 
қажетті зерттеулер тізімі көрсетіледі. барлық зертханалық зерттеулер 
мен сынаулар тек қана стандартталған әдістемелерді пайдалана оты-
рып жүргізіледі.
зертханалық зерттеулер хаттамаларының және топтаманы 
орналасқан жерінде қарау бойынша алынған деректердің негізінде 
үлгінің гигиеналық талаптарға сәйкес келуі жөнінде қорытынды 
жасалады. санитарлық-эпидемиологиялық (гигиеналық) сараптама: 
шектеусіз тамақтану мақсатында өнімнің жарамдылығын, шартты 
жарамдылықты, яғни топтаманың тамақтану мақсатында белгілі бір 
жағдайларда ғана жарамды екенін және тамақтану мақсаттарында 
өнімнің сөзсіз жарамсыздығын анықтай алады.


261
егер өнім топтамасы тамақтану мақсатында жарамсыз деп танылса,
бірақ денсаулыққа қауіпсіз болса, ол мал азығына қайта өңдеуге 
немесе техникалық мақсаттарға қайта өңдеуге жатады. 
Өнімде адам үшін қауіпті химиялық және биологиялық заттар 
болса, топтама белгіленген тәртіпте жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет