IV. Сыртқы тері инфекциялары. бұл ауруларда қоздырғыштар,
әдетте, зақымдалған сыртқы тері арқылы кіреді. Оларға жыныс жолы-
мен берілетін венерологиялық аурулар; қоздырғышы ағзаға жаралық
жолмен түсетін сіреспе; жануарлардан тікелей немесе споралар-
мен ластанған тұрмыстық заттар арқылы берілетін сібір күйдіргісі;
шырышты қабықтар мен басқалары арқылы жұғатын маңқа мен аусыл.
сонымен қатар кейбір ауруларда (оба, туляремия, сібір күйдіргісі мен
басқалары) инфекция бірнеше жолмен берілетінін де атап өту керек.