Абжанова сокращенная indd


Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы



Pdf көрінісі
бет132/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   189
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы 
құрал-саймандарға, жабдыққа, ыдыс-аяқ пен ыдысқа 
қойылатын санитарлық талаптар
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында механикалық, жылулық, 
тоңазытқыш және механикалық емес жабдықтар қолданылады. 
жабдық құрылымы кәсіпорынның қызметкерлерінің еңбегін жеңіл-
дету міндетін атқаруға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік 
туғызуға тиіс.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жабдығы санитарлық 
талаптарға жауап беруге тиіс. Өндірістік үй-жайларда жабдықты 
орнату шикізат, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің қарама-
қарсы және қиылыса жылжу ағынын болдырмайтындай етіп, 
технологиялық үдерістің жүрісіне сәйкес жүргізіледі. жабдыққа 
қолжетімділік ыңғайлы болуы үшін, жабдыққа ені 1,2-1,5 м орын 
қарастырылады. технологиялық жабдық құрылымы ыңғайлы, қауіпсіз 
және санитарлық өңдеу үшін қолжетімді болуға тиіс. 
механикалық жабдықтың жұмыс беттері тот баспайтын болаттан 
жасалуы керек, ал сыртқы бөліктері эмаль бояумен сырлануы мүмкін. 
жұмыс аяқталғаннан кейін жабдық тазартылып, жылы сумен (50°с) 
жуылып, сүртіледі. механизмдердің жұмыс бөліктерін рұқсат етілген 
жуғыш құралдармен жуған жөн. технологиялық жабдық жұмыс істеп 
тұрғанда, шикі және тұтынуға дайын өнімдердің бірімен жанаспауға 
тиіс, бұл үшін – бөлек механикалық жабдық, ал әмбебап машина- 
ларда – ауыспалы механизмдер қолданылады. технологиялық 


248
 
 

жабдықты санитарлық өңдеу оның ластануына қарай және жұмыс 
аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Қоғамдық 
тамақтандыру 
кәсіпорындарының 
тоңазытқыш 
жабдығында құрамалы-жиналмалы камералар, тоңазытқыш шкафтар, 
төмен температуралы сату сөрелері мен мұздатқыштар бар. барлық 
тоңазытқыш жабдықты үнемі тазалап, 1-2%-кальцинирленген сода 
ерітіндісімен жуу немесе Денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму 
министрлігі рұқсат еткен дезинфекциялаушы құралдармен жуу, содан 
соң ыстық суменшаю керек. жүктеу алдында тоңазытқыш камера-
ларды желдетіп, кептіру қажет. барлық тоңазытқыш қондырғыларда 
тағамдық өнімдерді сақтаудың температуралық режимін қадағалау 
үшін термометрлер орнатылады. тоңазытқыш жабдықты бақылау 
үшін сынапты термометр қолдануға рұқсат етілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет