244
Қойма үй-жайлары, әдетте, жүк түсіретін жерге топтастыра оты-
рып, ғимараттың жертөлесінде немесе
бірінші қабатында орналасты-
рылады. екі қабатты ғимараттар үшін қойма үй-жайларын өндірістік
цехтар астында орналастырған оңтайлы болып табылады,
бұл ретте
лифтілер шикізатты жеткізудің ең қысқа және барынша оқшауланған
жылжу жолын қамтамасыз етуге тиіс. Қойма үй-жайларының саны
мен тізімі кәсіпорынның қуаттылығымен анықталады.
салқындататын камераларды жобалағанда, ет, балық пен сүт
өнімдері үшін микроағзалармен барынша тұқымдалған ретінде бөлек
сақтап, мен әртүрлі температуралық режимдерді қамтамасыз ету
керек. салқындатылатын камераларды жүк түсіретін
алаңға немесе
дәлізге шығатын есігі, тамбуры бар біртұтас блокпен орналастырған
жөн. камералар оңай жүре алатындай болуы керек, кіреберісте
табалдырығы болмауға және арнайы жабдықталған
есіктері болуға
тиіс, сөрелер жалатылған, едендер су өткізбейтін болуы керек.
машина бөліміндегі камералар жанында тоңазытқыш агрегатын
орнату жоспарланады. салқындатылмайтын қоймалар құрғақ өнімдер
мен көкөністерді сақтауға арналған.
көкөністер қоймасы көкөніс
цехінің жанына немесе астында орналастырылады. жарық жасанды
болуға тиіс. себебі, күн сәулесі дәрумендердің бұзылуын тездетеді.
Құрғақ өнімдер қоймалары өндірістік үй-жайларға жақындау бірінші
қабатта жобалады. Олар қабырғадан 25 см немесе еденнен 15 см кем
емес қашықтықта орналасқан сатылармен
немесе тауар қоятын ыды-
стармен жабдықталады. ірі кәсіпорындарда ыдыс-аяқ пен құрал-
саймандарды сақтауға арналған қоймалар жобаланады.
Достарыңызбен бөлісу: