Абжанова сокращенная indd


Қызметтік-тұрмыстық және техникалық үй-жайларға



Pdf көрінісі
бет131/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   189
Қызметтік-тұрмыстық және техникалық үй-жайларға 
қойылатын талаптар
Қызметтік үй-жайлардың өндірістік және қойма үй-жайларынан 
бөлек орналастырылуы кәсіпорынның барлық үй-жайларымен 
ыңғайлы байланысты қамтамасыз етеді. Қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорындарындағы қызметтік үй-жайлардың құрамына: директор 
бөлмесі, есеп бөлімі, қызметкерлерге арналған киім ілгіш, даяшылар 
киім ілгіші, қызметкерлерге арналған су бөлмелері мен дәретханалары,
қызметкерлердің тамақ ішу бөлмесі, киім-кешек сақтайтын орын, 
санитарлық-техникалық зертхана кіреді.
Директор бөлмесі мен есеп бөлмесі қызметтік есікке жақын орна-
ластырылады. тұрмыстық үй-жайлар қызметкерлердің өздерінің жеке 
бастарының гигиена ережелерін сақтауына жағдайлар жасауы керек. 
Қызметкерлер киім ілгіш ерлер мен әйелдерге деп бөлек орналастыры-
лады. жеке және арнайы киімдерді сақтау үшін екі бөлімі бар шкафтар 


247
немесе арнайы киім мен сырт киімді бөлек сақтайтын ашық ілгіштер 
болуы тиіс. субөлмелері киім ілгіштердің жанынан орналастырылады. 
жуынатын бөлмеде киіну бөлмелері қарастырылады. Қызметкерлер 
дәретханалары тұрмыстық үй-жайлар бөлігінде және дербес жоба-
ланады. ерлер мен әйелдерге арналған дәретханалар бөлек болады, 
көпқабатты ғимараттарда олар әр қабатта болады. Қызметкерлерге 
арналған дәретханалар унитаздар, ыстық-су қосылған қолжуғыштар
санитарлық киімге арналған ілгіштермен жабдықталады. тазалау 
құрал-саймандарын сақтау, жуу және кептіру мен дезинфекциялаушы 
құралдарды сақтауға арналған үй-жайлар кәсіпорынның әр қабатында 
өндірістік және қойма үй-жайлары үшін, санитарлық тораптар үшін 
бөлек қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет