Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қолданылатын жуғыш құралдар Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы тазалық кепілдігі –
жуғыш құралдарды дұрыс таңдау, себебі микроағзалардың көбеюі
нашар тазартылған беткейден басталады.
жуғыш құралдар бірнеше негізгі түрге бөлінеді:
• сілтілі;
• қышқылды;
• бейтарап.
жуғыш құралды таңдағанда, ластану типі мен деңгейін, сондай-ақ
ластанған беткей типін ескеру қажет. Қоғамдық тамақтандыру
кәсіпорындарында ластанулар, әдетте, шаң, тағам өнімдері қалдықтары
мен олардың қаптамаларының қоспалары болып келеді, жабдықтың
технологиялық майлары болуы мүмкін. тағамдық өндірістердегі
ластанулар көбіне құрғап қалған және күйіп кеткен болады.
Қиын кетірілетін ластануларды тазарту үшін сілтілі және қыш-
қылды жуғыш құралдар тиімді болып табылады, бірақ қолдану
кезінде және мөлшерін таңдауда сақтықты қажет етеді.
мал майы протеиндерді тазарту үшін сілтілі құралдар
қолданылады, сабындану реакциясының нәтижесінде сумен оңай
кетірілетін сабын түзіледі. су, сыра мен сүт тастары мен басқа
минералды заттар қышқыл ерітінділермен кетіріледі. әдеттегідей,
органикалық емес ластануларды қышқылды жуғыш құралдармен
(pH 2-5), ал органикалық ластануларды сілтілі жуғыш заттармен (pH
249 12-14) кетіру керек. Орташа ластанған беткейлерді тазалау үшін бей-
тарап құралдар қолданылады, олар адам терісіне қауіпсіз. беткейді
ластанудан тазартылғаннан кейін, оны дезинфекциялау қажет.