Абжанова сокращенная indd


Тұтынушыларға арналған үй-жайларға қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет130/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   189
Тұтынушыларға арналған үй-жайларға қойылатын талаптар
Қоғамдық тамақтану кәсіпорнының типі мен тұтынушыларға 
қызмет көрсету түріне қарай бұл үй-жайлар тобына: залдар, бар, 
вестибюль, соның ішінде келушілерге арналған киім ілгіш пен 
дәретханалар, темекі тарту бөлмелері, аспаздық бөлмелер кіреді. 
сонымен бірге диеталық тамақтану залдары, банкеттік және VIP-
залдар болуы мүмкін. жылдың жылы мезгілінде келушілерге қызмет 
көрсету үшін террасалар мен верандаларда маусымдық қызмет көрсету 
залдары қарастырылады.
тұтынушылар үшін үй-жайлар тобы ғимараттардың жерүсті 
қабаттарында орналастырылады. тұтынушыларға арналған кірістер 
мен баспалдақтар қызмет көрсетуші қызметкерлерге арналған есіктер 


245
мен баспалдақтардан бөлек болуға тиіс. тұтынушылар залы бас есік 
немесе ғимараттың бүйір қасбеті жағынан орналастырылады. зал-
дарда оңтүстікке қараған табиғи жарық және жақсы жасанды жарық 
болуға тиіс. тұтынушылар залы ыстық және суық цех, асүй ыдыс-
аяқтарын жуғышпен бір деңгейде, ал даяшылар қызмет көрсететін 
кәсіпорындарда таратушы орын, буфет және ыдыстарды даярлау орны 
жанында орналастырылады.залдар вестибюльмен ыңғайлы байла-
нысып тұруға тиіс. Өз-өзіне қызмет көрсететін кәсіпорындарда залға 
кіретін есік – вестибюль, ал мейрамханаларда –жақтан шығарылады. 
кірме зал меймандарды жинау үшін арналған, кірме зал, әдетте, зал-
дармен бір деңгейде орналастырылады. зал ауданы орындықтар саны 
мен кәсіпорын типіне байланысты. санитарлық нормалар бойынша 
бір орындыққа: дәмханаларда – 1,6 м
2
, кафелерде – 2 м
2
, асханаларда 
– 2,25 м
2
, мейрамханаларда 2,5 м
2
қарастырылған. залдардың негізгі 
кіретін есіктерінің ені кафелерде – 1,2 м, асханаларда – 1,35 м, мей-
рамханаларда – 1,5 м, қосымша есіктер ені 1,2 м дейін болады.
Өз-өздеріне қызмет көрсету кәсіпорындарының залдарында 
таратушы жері, буфеттердің, кассалық машиналардың орналасуы 
келушілердің ағынының реттілігін қамтамасыз етуі керек.
Даяшылар қызмет көрсететін кафелер мен мейрамханаларда жалпы 
орындықтар санынан 15-20% орындықтар банкет залдары мен каби-
неттерге арналады. банкет залдарына кіретін есіктерді ортақ залдар 
есіктері жағынан орналастыру қажет. мейрамханалар мен кафелер 
ғимараттарына функционалдық аймақтар – кіретін есік, түскі ас 
ішетін орын мен эстрада-би орындарын көрсете отырып, біртұтас 
кеңістік жасау тән. залды қалай жасауды жоспарлау келушілерге жыл-
дам қызмет көрсетуді, қызметкерлерге ыңғайлы жағдайлар жасауды, 
тұтынушылардың, даяшылардың тез және қысқа жолмен жылжуын 
қамтамасыз етуі керек. 
Өз-өздеріне қызмет көрсету кәсіпорындарының залдарын 
жобалағанда, пайдаланылған ыдыстарды тез және ыңғайлы жина-
стыруды қарастыру керек, жинау үдерісі механикаландырылған 
болуға тиіс. бар қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының барлығында 
дерлік бар, сонымен бірге мейманханаларда, аэровокзалдарда, бизнес-
орталықтар ғимараттарында және т.б. кездеседі. бар тұрынтағына екі 
элемент кіреді: қабырғаға тірелетін тұрынтақ, оның жоғары жағында 
тауарға арналған сөрелер, ал астында шкафтар орналасады; негізгі 
бар тұрынтағы екі деңгейлі екі үстелдің үстіңгі тақтайынан тұрады – 
үстіңгісі келушілерге қызмет көрсету, ал астыңғысы барменге 


246
 
 

арналған жұмыс болып табылады. жұмыс істеуге ыңғайлы болуы 
үшін, бар тұрынтағы үшін жабдықтың бір бөлігі орналасатын және 
өнімдердің бір бөлігі сақталатын қосалқы үй-жай жобалануы мүмкін.
Өз-өздеріне қызмет көрсететін кәсіпорындардағы буфет залда 
орналастырылады. Ол келушілерге сатып ала алатын тауар, кондитер 
өнімдерін, сусындарды және т.б. өткізуге арналған. буфетте, әдетте, 
екі үй-жай жоспарланады, олар – тоңазытқыш шкафтар мен сату 
сөрелерді орната отырып өнімдерді жіберу және сақтауға арналған 
үй-жайлар.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорнының вестибюлі келушілер ағынын 
нақты ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей етіп жоспарлануға 
тиіс. Вестибюль кәсіпорынның типіне қарай жабдықталады. Вести-
бюльде келушілерге арналған киім ілгіш, дәретхана мен темекі 
тарту бөлмелері орналастырылады. Вестибюльдің жалғасы ретінде 
келушілердің кездесуі мен демалысына арналған кірме зал болады. 
келушілер үшін сырт киім шешуге арналған киім ілгіштегі орын-
дар саны зал сыйымдылығынан 10% асуға тиіс. ілгіштер ұзындығы 
1 метр ілгішке алты ілгек деп есептеледі. киім ілгіш бойынан 
келушілердің негізгі ағынынан бос 1,5-2 метр кеңістік қарастырылады. 
Дәретханаларда унитаздар (залдағы 60 орындыққа біреу) және ыстық-
суық су тартылған қолжуғыштар (залдағы 50 орындыққа біреу) орна-
тылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет