288
г) сертификаттардың, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды-
лардың, жеке медициналық кітапшалардың, көлікке санитарлық
төлқұжаттың және шикізат,
жартылай фабрикаттар, дайын
өнім мен оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, сату, сондай-ақ
қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда қайта
өңдеу технологияларының сапасын, қауіпсіздігін растайтын өзге
құжаттардың болуы;
д) адам мен қоршаған орта үшін өнімнің жаңа түрлері мен
оны өндіру технологияларының қауіпсіздігін, қауіпсіздік
көрсеткіштерін және (немесе) өндірістік
және қоршаған орта
факторларының зиянсыздығын негіздеу және бақылау әдістерін,
соның ішінде өнімді сақтау, тасымалдау мен қайта өңдеу
кезінде, сонымен бірге жұмыстарды орындап, қызмет көрсету
үдерістерінің қауіпсіздігін бақылау әдістерін әзірлеу;
е) өндірістік бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша
қолданыстағы заңнамада белгіленген есепке алу мен есептілікті
жүргізу;
ж) халықты, өзін-өзі жергілікті басқару органдарын, Ресей
Федерациясының мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қызмет органдары мен мекемелерін халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық хал-ахуалына қауіп тудыратын апаттық
жағдайлар, өндіріс тоқтаулары, технологиялық үдерістердің
бұзылуы жөнінде уақытылы хабарлау;
зертханалық зерттеулер мен сынақтарды заңды тұлға, жеке
кәсіпкердің өзі белгіленген тәртіпте аккредиттелген зертхананы тарта
отырып жүргізеді. Өндірістік бақылау бағдарламасын (жоспарды)
заңды тұлға, жеке кәсіпкер қызмет көрсеткенге дейін жасауға тиіс.
Өндірістік бақылау бағдарламасына (жоспарына) енгізілетін қажетті
өзгертулер, толықтырулар заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің қызмет
түрі, өндіріс технологиясы мен қызметінің басқа елеулі өзгерістері
кезінде енгізіледі. Өндірістік бақылаудың
әзірленген бағдарламасы
(жоспары) заңды тұлғаның жеке кәсіпкердің қызметіне мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізетін мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығының бас дәрігерімен
(бас дәрігер орынбасарымен) келісіледі және ұйым басшысы бекітеді.
Өндірістік бақылау жүргізу бойынша іс-шараларды заңды тұлғалар
мен жеке кәсіпкерлер жүргізеді. жүргізілетін өндірістік бақылаудың
уақытылы ұйымдастырылуы, толықтығы мен сенімділігі үшін
жауапкершілік заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге жүктеледі.
289
заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер өндірістік бақылаудың
нәтижелері жөнінде мәліметтерді сұраулар бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталықтарына ұсынады.
Өндірістік бақылау бағдарламасы (жоспары) (ары қарай – бағдарлама)
ерікті түрде әзірленіп, онда келесі мәліметтер болуға тиіс:
• көрсететін қызмет түріне сәйкес
тіршілік ету ортасының фак-
торларын бақылаудың ресми басылып шыққан санитарлық
ережелерінің, әдістерінің және әдістемелерінің тізімі;
• өндірістік бақылау қызметі жүктелген лауазымдық тұлғалар
(қызметкерлер) тізімі;
• сынамалар алынатын нүктелер (зертханалық зерттеулер мен
сынақтар жүргізіледі) мен сынамаларды (зертханалық зерт-
теулер мен сынақтар) алу мерзімділігін көрсете отырып,
зертханалық зерттеулер мен сынақтарды ұйымдастыруды қажет
ететін нүктелерді (бақылау нүктелер) көрсете отырып, адам мен
оның тіршілік ету ортасына қауіп төндіруі мүмкін химиялық
заттар, биологиялық, физикалық және өзге факторлар, сондай-ақ
өндірістік бақылау нысандарының тізімі.
Химиялық заттар, биологиялық, физикалық және өзге фактор-
лар тізімін,
сынамалар алынатын, зертханалық зерттеулер мен
сынақтар жүргізілетін нүктелерді таңдау мен сынамаларды алу мен
зерттеулерді, соның ішінде санитарлық-қорғау аумағында және
кәсіпорынның әсер ету аумағында жүргізу мерзімділігін анықтау
үшін негіз ретінде санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер мен
санитарлық-эпидемиологиялық бағалау мәліметтер болып табылады.
• медициналық тексеруге, кәсіби гигиеналық дайындауға жататын
қызметкерлер лауазымдарының тізімі;
• эпидемиологиялық бағалау, сертификаттау мен лицензиялауға
жататын адамға мүмкін қауіп тудыртатын
заңды кәсіпкердің
орындайтын жұмыстар мен қызметтер, шығаратын өнім тізімі;
• адам мен қоршаған ортаға өнім мен оны өндіру технологиясының
қауіпсіздігін негіздеуді, өндірістік және қоршаған орта
факторларының қауіпсіздігі мен (немесе) зиянсыздығының
көрсеткіштерін және соның ішінде өнімді сақтау, тасымалдау,
сату мен қайта қңдеукезінде бақылау әдістерін әзірлеуді, соны-
мен бірге жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үдерістерінің
қауіпсіздігін қарастыратын іс-шаралар;
• өндірістік бақылауды іске асыруға байланысты қолданыстағы
заңнамада белгіленген есепке алу мен есептілік үлгілерінің
тізімі: