Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет170/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   189
 
 

сарыауру), сифилиспен және гонореямен, жұқпалы тері аурулары-
мен (қышыма, теміреткі, қотырмен) ауыратын адамдар, сондай-ақ 
отбасында жұқпалы аурулармен ауыратын науқастары бар адам-
дар ауруханаға жатқызу және үйде дезинфекциялау жүргізу туралы 
анықтама берілгенге дейін жұмысқа жіберілмейді.
күн сайын ауысым басталар алдында суық, ыстық, кондитер цех-
тарында, дайын тағамдарды тарату бөлігінде және жұмсақ балмұздақ 
шығаратын кәсіпорындарда цех бастығы немесе кәсіпорын штатында 
қарастырылған медициналық қызметкер аспаздар мен кондитерлердің 
денелерінің ашық бөліктерін (қол, бет, мойын) іріңді аурулардың 
бар жоғына қарайды. терінің іріңді аурулары (фурункулдар және 
т.б.), күйіктер, сыдырылған жерлері бар, сондай-ақ жоғары тыныс 
алу жолдарының ауруы бар адамдар бұл цехтарда жұмыс істеуге 
жіберілмейді, олар басқа учаскелерге ауыстырылады.
тексеру нәтижелері белгіленген үлгідегі журналға жазылады. 
инфекциялық аурулардың алдын алу және қоғамдық тамақтандыруда 
саласында жұмыс істеушілердің барлығының иммунитетін жақсарту 
үшін профилактикалық егулер жасайды. Қолданыстағы «Қоғамдық 
тамақтандыру кәсіпорындары үшін санитарлық ережелерге» сәйкес 
жұмысқа кіріскен адамдар сынақ тапсыру арқылы гигиеналық 
дайындық бойынша курсты тыңдап шығуға тиіс. Одан ары қарай жыл 
сайын барлық жұмысшылар осы дайындықтан қайта өтуі және гос-
санэпиднадзор мамандарына сынақ тапсыру тиіс. кәсіби училищелер 
оқушылары, техникумдар мен жоғары оқу орындарының студенттері 
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден 
өтпес бұрын міндетті түрде медициналық тексеруден өтіп, санитарлық 
тапсырманы тапсыруға тиіс.
әрбір жұмысшының медициналық тексеру нәтижелері, алынған 
егулер мен санитарлық тапсырма бойынша сынақ тапсыру туралы 
мәліметтер жазылған медициналық кітапшасы болуы керек. бұл 
кітапшалар кәсіпорын басшысында сақталып, кезекті медициналық 
тексеруден өтетін кезде, адамдарға беріледі. Қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорнының жалпы санитарлық күйіне, онда санитарлық режимнің 
сақталуына және медициналық тексеруден өтпеген және санитарлық 
тапсырма тапсырмаған адамдарға жұмыс істеуге рұқсат беру, 
қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін орындау үшін қажетті 
жағдайлар жасау жауапкершілігі кәсіпорын бастығына жүктеледі.
жеке гигиена ережелерін, санитарлық режимді сақтауды, 
қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінің денсаулығының жай-күйін 


297
санитарлық бақылауды медицина қызметкерлері мен кәсіпорынның 
санитарлық пост мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қызмет орталықтарының – мсЭҚО (бұрын – сЭс) 
санитарлық дәрігерлері іске асырады. 
Зиянды әдеттер және олармен күресу.
адамның зиянды әдеттеріне 
темекі тарту, ішімдік ішу, нашақорлық заттар қабылдау, улану жатады. 
темекі шегу адам мен бүкіл қоғамға үлкен зиянын тигізеді. 
біріншіден, ол темекі шегетін және онымен араласатын темекі 
шекпейтін адамның денсаулығына түзелмейтін зиян келтіреді. 
темекі шегуден әсіресе ағзасы қалыптасу кезеңіндегі балалар мен 
жасөспірімдер зардап шегеді. екіншіден, темекі шегу кәсіпорынның 
экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне әкеліп соғады, себебі 
кәнігі темекі шегушілер темекі тартуға көп жұмыс уақытын кетіреді. 
сонымен қатар темекі шегу өндірісте шығарылатын тағамдық өнімнің 
сапасын төмендетеді. бұл жұмыс орнының темекі түтінінің иісімен 
ластануына болады. иіс сезудің мұқалуының нәтижесінде көптеген 
шылым шегетін мамандар, соның ішінде аспаздар мен кондитерлер 
тағамдар мен өнімдерді талап етілетін дәм, иіс салдарында сапаға 
дейін жеткізудің кәсіби дегустациялық қабілеттілігін жоғалтады. 
Шылым тартатын даяшылар тұтынушылармен араласу аумағын 
темекі иісімен ластап, оларға қызмет көрсету мәдениетін төмендетеді. 
темекі жануы басылған кезде 30-ға дейін улы заттар бөліп шығарады. 
Онда канцерогенді заттар, көміртегі оксиді (бір қап темекіде 400 мл 
газ), көгерткіш қышқылы, азот қостотығы мен басқалары бар, әсіресе 
никотин (100 темекіде 10 г), қарамай (100 г темекіде 7 г) көп. 
барлық осы заттар тыныс алу жолдары үшін зиян және туберкулез 
(статистика бойынша 100 науқасқа 95 темекі шегуші келеді), бронхит, 
бронх демікпесінің дамуына септігін тигізеді. темекі қарамайының 
канцерогенді заттары өкпенің, еріннің, тілдің және тамақтың қатерлі 
ісігін тудырады. темекі шегушілердің жүрек-қан тамырлары жүйесі 
зақымданады, инфаркт, инсульт, ерте атеросклероз жиі пайда болады, 
қан айналымы бұзылады, ас қорыту органдары мен нерв жүйесі 
зақымдалады, ал бұл жадының жоғалуына, көру, есту мен иіс сезу 
қабілеттерінің төмендеуіне әкеліп соғады. 
біздің елде темекі шегуге қарсы халық арасында, әсіресе жастар 
мен жасөпірімдер арасында осы әдеттің зияндылығы жөнінде 
түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы профилактикалық жұмыстар 
мен күресу. балаларды тәрбиелеуде спортпен шұғылдануға, 
қызығушылықтары бойынша әуестенуге көп назар аудару керек және 


298


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет