299
туберкулез – ауру көзі қақырығымен микробактериялар (кох
таяқшалары) бөліп шығаратын туберкулезбен ауыратын адам болып
табылатын инфекциялық ауру. туберкулездің микробактериялары –
жіңішке,
қозғалмайтын таяқшалар, спора түзбейтін, типтік аэробтар.
Осы бактериялардың дамуының оңтайлы температурасы +37 гра-
дус, олар кептіруге төзімді, кепкен қақырықта, киімде екі айға дейін
тіршілік ете алады. Олар тамақ өнімдерінде, мысалы, ірімшікте бакте-
риялар тіршілігін екі айдай сақтай алады, сүтқышқылды өнімдерде 20
күндей тіршілік етеді. туберкулез микробактериялары күн қуатының,
жоғары температураның, 10 минут қайнатудың әсерінен өледі. сау
адам ағзасына микробактериялар тыныс
алу жолдары немесе ауру
адамның сілекейінің тамшылары (сөйлесу жөтелу, түшкіру кезінде)
арқылы тамаққа, ыдысқа немесе ауру қоздырғыштары бар шаңды
жұтқанда түсе алады.
туберкулезбен ауыратын сиырлардың инфекцияланған сүті
жұқтырудың қауіпті көзі болуы мүмкін. Өкпе немесе басқа органдар
(бүйрек, тамақ терісі, сүйек) туберкулезді жұқтырған кезде,
микро-
бактериялар токсиндері бүкіл ағзаны уландырады және туберкулез
жұғуын тудырады. науқастардың орталық және вегетативтік жүйке
жүйесі бұзылып, ауру қатты шаршауға, қызу көтерілуіне, қозудың
артуына, әлсізденуге,
жиі тұмауратуға, өкпенің, бүйректің, сүйектің,
терінің және т.б. қабынуына алып келеді.
туберкулез – адамның қоғамдағы әлеуметтік орнына тамақтануына,
еңбек пен тұрмыс жағдайларына, еңбек пен демалысты алмастыру-
ына тығыз байланысты ауру.
туберкулездің алдын алуда ауруды ерте айқындаудың үлкен
маңызы бар, сондықтан ресейлік заңнамада барлық халықтың және
қоғамдық тамақтандыру жұмысшыларының төс қуысына флюрогра-
фия жүргізу қарастырылған. Қажет болған
жағдайда науқастар дис-
пансерлерде, ауруханаларда және саниаторийлерде ем қабылдайды.
туберкулезбен ауыратын науқастар, инфекцияның тамақтанушылар
арасында таралуын болдырмау үшін, қоғамдық тамақтандыру
жұмыстарына жіберілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: