Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет173/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   189
Жарықтандыру гигиенасы. 
Жарықтандырудың гигиеналық маңыздылығы
Қоғамдық, тұрмыстық және тұрғын үй ғимараттарында екі түрлі 
жарықтандыру қолданылады:
1. табиғи – күн сәулесімен жарықтандыру;
2. жасанды – газ-разрядты және қыздырылатын шамдармен 
жарықтандыру.
адамдардың дұрыс өмір сүруі үшін олар көп жүретін бөлмелерді 
күн сәулесімен жарықтандыру керек. себебі, табиғи жарықтандыру 
ағза биоритміне, эмоциясына, алмасу үдерістерінің қарқынды-
лығынажағымды әсер етеді.
Өндірістік бөлмелердегі жұмыс орындарының жарықтандырылуына 
қойылатын гигиеналық талаптардың бірі – адамның жұмыс істейтін 
заттарының жарықтандырылуына байланысты көру функциясының 
қамтамасыз етілуі.
көрудің негізгі қасиеттеріне келесілер жатады:
– қарама-қарсылықты сезіну (көздің затты жалпы фоннан ажырата 
білу қасиеті);
– көру қырағылы (көздің ұсақ заттарды көре білу қасиеті);
– заттарды ажырата білу жылдамдығы;
– анық көру тұрақтылығы (заттың бөліктерін ажырата білу 
қасиеті).
жарықтандыру жеткіліксіз болса, жоғарыда аталған көру қасиеттері 
төмендейді, көздің жағдайы нашарлайды, жұмысқа қабілеттілік
тиянақтылық төмендеп, өндірістік жарақат алуы мүмкін.


301
көру функцияларын жүзеге асыру үшін жарықтандыру барлық 
жерге бірдей тарап, бірқалыпты болуы керек.
Қатты түсіп тұрған жарық (күн көзі немесе жасанды жарық көзі) 
көздің қарама қарсылығын сезінуін, көру тұрақтылығын төмендетеді.
ғимараттың сәулет-жобалық шешімдері күннен қорғау шара-
ларын (верандалар, уақытша құрылғылар – перделер, экрандар) 
қарастырады. жасанды жарықтандыру кезінде шамдарды ілу 
биіктігіне, жарықтандырылу арматураларына, көз алдындажылтырай-
тын заттардың болмауына мән берілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет