Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет181/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   189
Қоймаларды жобалау.
Қоймалар, негізінен, сақталатын өнімдердің 
тағамдық және биологиялық құндылықтарын сақтау үшін кере. 
Қоймаларды дұрыс жобаламаса, ол азық-түлік өнімдері қасиеттерінің, 
сақтау кезіндегі тұрақтылығының бұзылуына, қолдану кезінде қауіпті 
тағамдық бактериялық улану мен инфекциялануға алып келеді. 
Қоймаларды жобалаған кезде екі қағиданы ұстану керек:
1. азық-түлік өнімдерін түрлеріне қарай бір-бірінен бөлек сақтау;
2. азық-түлік өнімдерін түрлеріне қарай ылғалдылық пен 
температуралық тәртіпті сақтау.
Қоймаларды топтарға бөліп, үй астында немесе бірінші қабатта 
түсіру орнының жанына орналастырады. екі қабатты ғимараттар үшін 
қоймалар өндірістік цехтардың астына жобаланады. Қоймаларды тем-
пературасы мен ылғалдылығы жоғары бөлмелердің (жуу орны, ыстық 
цехтар) жанына, астына жобалауға тыйым салынады.
Қоймалардың саны кәсіпорынның қуаттылығымен анықталады. 
Қоймалардың құрамына екі топ кіреді:
– тез бұзылатын өнімдерге арналған салқындатылатын камералар;
– құрғақ өнімдер мен көкөністерді сақтауға арналған салқын-
датылмайтын қоймалар.
салқындатылатын камераларда келесі өнімдер бір-бірінен бөлек 
сақталуы керек:
– микроорганизмдердің көбеюіне ықпал ететін ет, балық, шикі 
сүтке;
– гастрономиялық және дайын (қосымша жылулық өңдеуді қажет 
етпейтін) аспаздық бұйымдарға;
– көктер мен жемістерге.
бұл топтағы өнімдер сақтау температурасының әртүрлілігіне бай-
ланысты бір-бірінен бөлек сақталады.
салқындату камераларының ішкі температурасына қойылатан 
гигиеналық талаптар:
– ауданы 5м
2
-тан кем болмауы керек;
– камералар өтпелі болмауы есіктермен жабдықталып, едені су 
өткізбейтін болуы керек;


307
– камералар арқылы жылыту құбырлары, су және канализация 
құбырлары, жалпы желдету ауа жолдары өтпеуге тиіс;
– анықталған температуралық тәртіп болуы қажет;
– температураның тәуліктік ауытқуы 2ºC-ден асппуы керек.
камераның жанында машина бөлімінде шу мен дірілді болдыр-
майтын негізге фреонды суыту агрегаты қондырылады. Оны дәлізге 
және баспалдаққа орналастыруға тыйым салынады. егер кәсіпорында 
тез бұзылатын өнімдерді сақтауға жағдай жасалмаса, онда олардың 
мөлшері тәуліктік мөлшерден аспауы керек. 
көкөністерге арналған қойманы цехтың жанына орналастыру керек. 
күн жарығы көкөністердің сақталуына кері әсер етіп, дәрумендерді 
бұзады, сондықтан жасанды жарықтандыруды қолдану керек. 
Құрғақ өнімдерге арналған қойманы өндірістік цехтардың жанына 
қабырғадан 25 см қашықтықта орналастырылған стеллаждармен, 
тауар қойғыштармен жабдықтайды. 
нан кесілетін орнындағы арнайы шкафтарда сақталады.
түсіру орнының азық-түлік өнімдерін таситын көліктердің кіруін 
қамтамасыз ететін арнайы алаңы болуы керек.
санитарлық-гигиеналық талаптарға байланысты сақтау қоймала-
рын маталар тұратын бөлмемен біріктіруге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет