Абжанова сокращенная indd


Механикалық құрал-жабдықтар



Pdf көрінісі
бет184/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189
Механикалық құрал-жабдықтар. 
Қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорындарында жеке технологиялық операцияларды орындау 
үшін машиналар қолданылады. көкөністерді өңдеу үшін көкөніс жуу 
машиналары, көкөніс тазалау машиналары, көкөніс кесу машиналары 
қолданады. ет пен балықты өңдеу үшін өнімді ұнтақтау машиналары, 
етті қопсыту машиналары, турама араластыру машиналары пайдала-
нылады. нан кесу машиналары, гастрономиялық өнімдерді кесу маши-
налары, ыдыс жуу машиналары пайдаланылады. жұмыс істеп болған 
соң, бұл құрал-жабдықтар дұрыстап тазартылады, ыстық сумен жуы-
лып, таза сүлгімен сүртіп, пленкадан жасалған қаптама кигізіледі.
гигиеналық жылулық құрал-жабдықтарға электр аппараттары ста-
ционарлы қазандар, плиталар, модульді секциялық қозғалмалы пли-
талар, табалар, фритюрницалар, қуыру шкафтары жатады. барлық 
жылулық құрал-жабдықтарды тазалықта ұсталады, жұмыстан соң 
ыстық сумен және жуғыш заттармен жуылады.
Шкаф, жиналып-ашылатын камера, салқындатқыш шкафтар-
мен жабдықталған төмен температуралы үстелдер түріндегі құрал-
жабдықтарды күнделікті ыстық сумен жуып, желдетіп тұру керек.


310
 
 

механикалық емес құрал-жабдықтарға өндірістік үстелдер, өнді-
рістік және жуу ванналары, шабу орындығы, стеллаждар, табуреттер, 
шкафтар және т.б. жатады.
көкөніс, ет, балық және тағы басқа өнімдерді жууға арналған 
өндірістік үстелдер антикоррезионды материалдардан жасалады. ең 
жақсысы – татанбайтын болат, дюралюминийден эмалирленген ванна-
лар. Ванналардың негізгі өлшемдері: ұзындығы – 710-1000 мм, ені – 
600-700 мм, тереңдігі – 420-450 мм, еденнен биіктігі – 900 мм.
Шабу (бөлшектеу) орындығының диаметрі 50 см, биіктігі 80 см 
болуы керек және мықты ағаштың тұтас кесегінен жасалып, еденнен 
20 см биіктікте орналастырылады. Шабу орындығының қырларын 
ашық түсті майлы бояумен бояйды, үстіңгі бөлігін ені 20 см етіп боя-
май қалдырады. жұмыс істеп болған соң, орындықтың үсті пышақпен 
тазаланады, үстіне тұз себіліп қаптама кигізіледі, ал қырлары ыстық 
сумен жуылады. Қолдану мерзіміне және терең шабылып кетуіне 
қарай, орындықтың беті арамен кесіп тастайды. 
асханалық ыдыстарға арналған жуу ванналары суды тез және жиі 
ауыстыру үшін, тұтас металды, 30 л-ден көп емес сыйымдылықтағы 
үш бөліктен тұрады.
Ванналар ыстық суға, суық суға және канализацияға жалғанады. 
Өлшемі 500*500*500, жалпы ұзындығы 900 мм таттанбайтын болат-
тан жасалады, себебі алюминий мен оның балқымалары жуғыш зат-
тармен қосылғанда қарайып кетеді.
бөлшектеу тақтайшалары қатты ағаштан жасалады. тақтайшалар 
мен пышақтардың қырында макировка болуы керек: Ше – шикі ет, 
Шб – шикі балық, Шк – шикі көкөністер.
стеллаждар табуреттер дюралюминийден жасалады, ыстық сумен 
жуылып тұрады.
Құрал-жабдықтардың арасындағы қашықтықтың санитарлық нор-
маларын қадағалау керек. жылу бөлетін технологиялық желілер мен 
құрал-жабдықтар желілер арасындағы қашықтық кем дегенде 1,3 м 
болуы керек. жылу бөлетін құрал-жабдықтардың технологиялық
желісі мен тарату желісінің арақашықтығы 1,5 м болуы керек.
Залдағы жиһаздарға қойылатан талаптар.
Қоғамдық тамақтан-
дыру кәсіпорындарының залы байланысты жиһазбен жабдықталады. 
залдағы жиһаздың конструкциясы (үстелдер, орындықтар, креслолар, 
серванттар, көмекші үстелдер) тұтынушылар үшін ыңғайлы, мықты, 
тазалауға оңай болуы керек. Отыратын жиһаз ыңғайлы түрде, әдемі 
конструкциялы, өлшемі мен салмағы тиімді болуы керек. 


311
Қозғалмалы үстелдер – түстену үстелдеріне өнімдерді жеткізуге 
арналған арбашалар.
серванттар (даяшы шкафы) ыдыстарды, құралдарды, асханалық 
маталарды сақтауға арналған, олар залдағы жиһазға сәйкес болуы 
керек. серванттар мен көмекші үстелдер терезенің жанындағы 
қабырғаға сүйеп қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет