Абжанова сокращенная indd


Жердің бас жобасы мен аумағына қойылатын гигиеналық



Pdf көрінісі
бет180/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   189
Жердің бас жобасы мен аумағына қойылатын гигиеналық 
талаптар
. Қнме талаптарына байланысты қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорындары қоғамдық және сауда орталықтарымен қатар, жеке 
тұрған ғимаратта немесе арнайы ғимараттар мен құрылыстарда 
орналасуы мүмкін. гигиеналық талаптарға байланысты жеке тұрған 
ғимаратта орналасуы оңтайлы болып табылады.
Орналастыру жерін таңдаған кезде, өнеркәсіптік және коммуналдық 
нысандардың жақын орналасуына мән беріледі, себебі олар 
ластанудың көзі болуы мүмкін. кәсіпорынды орналастырғанда, жел 
бағытын ескеру керек: жер өнеркәсіптік нысандарға, сантехникалық 
және коммуналдық құрылыстарға қатысты жел соғатын жақта орна-
ласуы керек. 
жер топырағының санитарлық жағдайы маңызды гигиеналық 
талаптардың бірі болып табылады. Қажетті жер атмосфералық 
сулардың жиналуына әсер ететін рельефтермен, сыртқы және 
атмосфералық сулармен суланып, батпақтанбауы керек.
аумақ ауданы кәсіпорынның қуаттылығына сәйкес болуы керек. 
кәсіпорыннан шығу жолдары мен адамдар жүретін жолдар асфальт-
талған болуға тиіс. Құрылысқа жер ауданының 30-40%-ы жұмсалады 
және аумақтың 60%-ы жасылдандырылуы керек.
кәсіпорынды тұрғын жерлерде жобалаған кезде, тұрғындарды 
оның өндірістік зиянды заттарынан қорғау керек. тұрғын үйлерде 
50 орынды кафелер мен асханалар жобаланады. тұрғын үйлерге 
жылудың, шудың, өндірісте бөлінетін иістің кірмеуі үшін оқшаулау 
құрылғылар қондырылады және шаруашылық аумағын ғимараттың 


306
 
 

артқы жағына жобалайды. сонымен қатар кәсіпорынды тұрғын үйдің 
сантехникалық қызметіне техникалық оқшаулау керек.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын улы заттар мен эпидемио-
логиялық қауіпті материалдар (тері, жүн) өңдейтін және қолданатын 
кәсіпорын ғимараттарында жобалауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет