142
күріш, макарон, өнімдері және т.б. жатады. сонымен қатар ағзаны
сұйықтықпен қамтамасыз ету өте маңызды. күніне кем дегенде
8 стақан су ішу керек. бұл бүйрек пен
және ас қорытумен болатын
қиыншылықтардың алдын алуға көмектеседі.
жасы ұлғайған сайын ағзаның жұмыс істеуі баяулайды. сондай-ақ
ас қорыту жүйесі де баяу жұмыс істейді. нәтижесінде, тамақ баяу
қорытылады. күні бойы аз мөлшерде 4-5 рет тамақтану керек. бұл
асқазанның ас қорыту үдерістерінде
қиындық туғызбайды және
қандағы қант деңгейін бірқалыпты сақтайды.
ақуыз минералды қосылыстар – қарт адамдардың мәзіріндегі
маңызды элементтер. Қарт адамдардың ас мәзірінде дәнді өнімдер
(ірі тартылған және араластырылған ұннан дайындалған өнімдер),
сондай-ақ ботқалар, күріш, макарон,
және картоп маңызды орын
алады. аптасына бір рет асылған етті, мысалы, құрамы темірге бай
майсыз сиыр етін және тауық етін пайдаланған жөн.
балық аптасына ас мәзірінде кем дегенде екі рет болу керек.
Оның құрамында жүрек қантамыр жүйесіне пайдалы қанықпаған май
қышқылдары және дәрумендер бар.
жұмыртқаны көп мөлшерде жеуге болмайды.
көп болғанда апта-
сына екеуін жеуге болады. Өйткені сарыуыздың құрамында көп
мөлшерде холестерин бар. ал ақуызды күнделікті тұтынуға болады.
Қарт адамдардың күнделікті ас мәзірінде міндетті түрде сүт
өнімдері болуы керек. сүт өнімдері сүйектер мен тістерді нығайту
үшін кальцийдің негізгі көзі болып табылады.
ағзаны барлық қоректік заттармен, дәрумендермен және минерал-
дармен қамтамасыз ету үшін ас мәзірін өзгертіп отырған дұрыс.
көкөністер мен жемістерді пайдаланғанда, ең дұрысы, оларды буда
дайындаған жөн. көкөністер мен жемістер қартаю үдерістерін, қатерлі
ісіктің және атеросклероздың пайда болуы мүмкіндігін азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: