Абжанова сокращенная indd


Қарт адамдарды тағамдық заттармен



Pdf көрінісі
бет78/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   189
Қарт адамдарды тағамдық заттармен 
қанағаттандыру жолдары
Қарт адамдардың үйлесімді, ұтымды тамақтануын ұйымдастыру 
үшін, геронтологтар мен гериаторлар конгресі мақұлдаған жас 
жіктемесін ескеру қажет. алпыс жастан үлкен адамдар 61-ден 74 жасқа 
дейінгі қарт кісілер 75 жас және одан жоғары кәрі кісілер және 90 жас 
және одан үлкен көп жасаушы кісілер деп үш топқа бөлінеді.


143
Қартаю кезіндегі негізгі үдерістердің бірі – тірі материяның 
жаңартылу белсенділігінің азаюы, ассимиляциялау үдерістерінің 
әлсіреуі мен диссимиляция үдерістерінің басым болуы, нейрогумо-
ралды жүйе қызметінің төмендеуі ағзаның сыртқы орта жағдайларына, 
соның ішінде тамақтану сипатына бейімделу барысын бұзады.
жас ұлғая биосинтез бен ас қорыту ферменттерінің белсенділігі 
төмендейді, заттарды сіңіру үдерістері әлсірейді. бұл тіндердің 
нутриенттермен 
қамсыздандырылуы 
бұзылуының 
себепшісі 
болуы мүмкін. ас қорыту жолының бұлшық ет қабатының қозғалу 
белсенділігінің төмендеуі іш қатудың дамуына алып келеді. асқазан 
сөлі қышқылдылығының кемуі ас қорыту жүйесіндегі шіріткіш 
микроағзалардың дамуына себепкер болады. бұл шіріткіш микрофло-
радан түзілетін ішектен сіңірілген улы 
қосылыстарды зарарсыздандыратын бауырға салмақ түсіреді. 
ішектің бөліп шығару қызметінің әлсіреуі мен қышқылдану-қалпына 
келу үдерістерінің төмендеуімен қатар, өттің кейін қайтуының кемуі 
ағзада холестериннің қалып қоюына және атеросклероздың дамуына 
алып келеді.
елу төрт пен алпыс жаста кеңес берілетін энергетикалық құнды-
лық – 20-22 жастағы ас үлесінің құндылығынан 80%-ға дейін, 
61-70 жаста – 79%-ға дейін, ал 70 жас пен одан жоғары ас үлесінің 
құндылығы 1900-2300 ккал құрауға тиіс.
Қарт кісілердің бейімделуі үдерістері әлсірейтіндіктен, оларға 
ақуыздың жеткілікті мөлшері қажет (дене кг салмағына 1,2-1,0 г). 
ақуыз көзі ретінде негізінен тамыртарылтқыш әсер тудыратын амин-
дерге бай ашты ірімшіктен басқа (мысалы чеддер) сүт өнімдері болып 
табылады.
ет өнімдерінен майлы емес сиыр етін, тауық етін, қоян етін 
және балықты қайнатылған күйде пайдаланған дұрыс. субөнімдер, 
жұмыртқаны шектеулі түрде тұтыну керек, себебі олар қайнатпаға 
шықпайтын нуклеин қышқылдарына бай және холестерині жоқ. Қарт 
адамдардың ас мәзірінен қақталған балық пен шұжықтарды алып 
тастау керек.
Қарт адамдардың тамақтануындағы қалыпты жағдайдағы ақуыз 
мөлшерінің нормасымен салыстырғанда, олардың мөлшері азайғанда, 
ағзаның инфекцияларға төтеп беру төзімділігі төмендеп, азоттық 
тепе-теңдік бұзылады. сонымен қатар ақуыздың көп болуы жүрекке, 
бауыр мен бүйрекке әсерін тигізеді.


144
 
 

майға деген қажеттілік дене салмағының әр килограмына 0,8-1,0 г 
құрайды. липидтер көзі ретінде ас үлесіне триглицерид, липотропты 
заттары (мысалы, лецитин) бар зөнімдерді және т.б. қосу қажет. соны-
мен бірге тамақтанудағы өсімдік майының үлесін қатты ұлғайтпаған 
жөн, себебі ас қорыту үдерістерін және майдың ыдырауын қиындатуы, 
сондай-ақ егде жаста қызметі әлсірейтін қалқанша безіне кері әсерін 
тигізуі мүмкін. 
ас мәзіріне құрамында холестерині болса да, липотропты және 
склерозға қарсы әрекет ететін, бірақ лецитин-ақуызды кешен көзі 
болып табылатын сары майды да қосу қажет. майларды артық 
тұтынбаған жөн, себебі олар ас үлесінің энергетикалық құндылығын 
едәуір арттырады, ас қорыту жүйесінің қызметін қиындатады, 
атеросклероздың дамуына себепші болады, қанның ұйығыштығын 
арттырады. 
Өсімдіктен алынған ақуыздардың сапасы төмен деп есептеледі, 
себебі оларда амин қышқылдарының бірі жоқ немесе олар мүлдем аз 
немесе осы қышқылдардың қажетті пропорциясы сақталмаған. соны-
мен бірге өсімдікті ақуыздарды толыққанды ету үшін, өнімдерге сүт 
(мысалы, картоп пюресіне немесе күріштен жасалған ботқаға) қосу 
немесе ұндағы ақуыз құндырақ болуы үшін макарондарға жұмыртқа 
қосу қажет. 
ең құнды ақуыз тауық жұмыртқасында болатындығы бұрыннан 
дәлелденген, осыған байланысты шартты межелік көрсеткіш бойынша 
ол 100% белгіленеді, ал басқа ақуыздар осы шамамен салыстырылады. 
сонымен бірге тамаққа піспеген жұмыртқаны салмаған жөн, себебі 
жұмыртқаның ағында авидин болады, ал ол н дәруменін (биотин) 
бұзады. алайда қатты шайқалған көбікте, піскен жұмыртқада (соның 
ішінде шала пісірілген жұмыртқада) авидин жоқ, ол бұзылады.
Құрамында ақуызы бар құнды өнім ретінде сүт есептеледі, алайда 
ондағы ақуыз мөлшері шамамен 3% құрайды. Құрғақ, қаймағы 
алынбаған сүтте – шамамен 25% ақуыз, ал майы алынған сүтте – 
37,5% болады, сондықтан құрғақ сүтті әртүрлі тағамдарға қоспа 
ретінде пайдаланған жөн. 
етте көптеген басқа тағамдық заттар, май, макро-және микроэле-
менттер бар. Қарт кісілердің көп мөлшерде ет жеуі денсаулықтарына 
жақсы емес. көбіне ақ ет (үй құсы, қоян, бұзау, қозы еті) жақсы 
қорытылып, сіңеді. ас үлесінен қаз, кез келген кәрі құс етін, шошқа 
етін алып тастау керек.


145
Өсімдікті ақуызды қарт кісілер өз ас үлесінде үрме бұршақ, 
асбұршақ, жасымық дәндерін қоса отырып пайдалануы қажет. бұл 
ретте бұршақ тұқымдастарды мысалы, езілген асбұршақ сорпасы, 
асбұршақ және үрме бұршақ ұнынан дайындалған котлеттер, асбұршақ 
пюресі мен т.б. тиісінше технологиялық өңдеу керек
бұршақ тұқымдас өсімдіктердің газдың түзілуін тудырта-
тыны белгілі және бұл диафрагмаға, жүрекке ауыр қысым түсіреді. 
жоғарыда көрсетілген тағамдарға артық аурудың алдын алатын емдік 
шөптер қосқан дұрыс. Осылайша, асбұршаққа майоран немесе зире, 
үрме бұршаққа тасшөп қосады. газдар, әдетте, тамақ ішкеннен кейін 
бір сағаттан кейін пайда болады. бұл ақуызды қорыту үшін трипсин 
деген фермент қажет, ал бұршақ тұқымдастарда трипсинді бейтарап-
тандыратын зат болады. 
бұршақ тұқымдастарда, ақуыздан басқа, құнды жасұнық, В 
тобының дәрумендері, макро-және микроэлементтер болады. 
бұршақ тұқымдастарда болатын фитиндер минералды заттардың 
сіңуін қиындатады, сондықтан тек дені сау қарт кісілер тамаққа 
асбұршақ, үрме бұршақ пен жасымықты қолдана алады. 
әртүрлі монастырьлар монахтарының денсаулығын бақылау 
тамаққа бұршақ тұқымдастарды көп пайдаланғанда оларға белгіленген 
холестериннің мөлшерінен аспайтындығын көрсетті. 
нан өнімдерінде де ақуыз бар. Ол ірі үгінді ұннан пісірілген 
нанда көп, бірақ ол бидай ұнынан пісірілген тоқашқа қарағанда 
нашар қорытылады және газ тудыратын құрамында фитин болады, 
сондықтан да ірі үгінді ұннан дайындалған нанды таңғы асқа, ал 
кешкі асқа бидай ұнынан пісірілген нанды қолданған жөн.
ірімшіктер ауыр өнімдерге жатады және қарт кісілердің оларды 
тек таңғы асқа ғана жеуі керек. кешкі асқа жаңа піскен көкшөп 
немесе құрғақ өсімдікті дәмдеуіштер қосылған (мысалы, зире, май-
оран, арша – 5:1:1 арақатынаста) сүзбе мен ақ ірімшік жеуге болады. 
мұндай қоспалар ішектегі ісінуді алып тастайды немесе азайтады. 
сүт өнімдері кальций, кремний, магний, фосфор, Д дәруменінің көзі 
болып табылады. кальций сүт пен сүт өнімдерінен жақсы сіңіріледі, ал 
кальций сүзбеге қарағанда ірімшіктерде көп болады.
Қарт адамдарға денесінің әр 1 кг-на 1,5 г ақуыз қажет деп 
есептеледі. бұл қарт адамдарда ақуызды заттардың едәуір мөлшері 
сіңірілмейтіндігіне байланысты. сондай-ақ қартаю ақуыздардың 
жетіспеушілігінен үдетіледі, себебі ақуыздардың арқасында ағза жасу-
шалары жаңартылып, қалпына елтірілген. ағзада ақуызды заттар 


146


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет