151
сүттің сарысуы қосылған туралған ет өнімдері технологиясы
әзірленді. Ұсынылған технология ет тағамдарын сүтте болатын сүт
ақуыздарымен, лактозамен, минералды заттармен, дәрумендермен
байытуға мүмкіндік береді.
сүт өнеркәсібіндегі өндірісті қарқындылау
бағыттарының бірі
барлық шикізаттық қорларды, соның ішінде қалдықсыз өндіріс
қағидасымен сүттің сарысуын пайдалану болып табылады.
сүт сарысуының биологиялық құндылығы – оның құрамында
ақуызды азотты қосылыстардың, көмірсулардың,
минералды тұз-
дардың, липидтер, дәрумендер, органикалық қышқылдар, фермент-
тер, микроэлементтердің болуы. сарысуда осы күнге дейін сүтте
белгіленген 200 қосылыстың барлығы дерлік анықталды.
сарысулы ақуыздар аргинин мен лейциннің қосымша көзі болып
табылады. бұл ағзаның құрылымдық алмасуы үшін,
негізінен,
бауырдағы ақуыздардың регенерациялануы, гемоглобин мен қан
плазмасының түзілуі үшін қолданылатын оларды толыққанды
ақуыздарға жатқызуға мүмкіндік береді.
сүт сарысуындағы ақуыздар өзінің құрамы бойынша жануар
текті құнды ақуыздарға жатады және көптеген таптырмайтын амин
қышқылдарының көзі болып табылады.
лактоза табиғатта еш жерде
кездеспейтін қанттың бірегей түрі болып табылады. Осыған байланы-
сты сүт сарысуын сүт-ақуызды құрамында лактозасы бар шикізат деп
атайды.
мұндай атау оның негізгі құрамын анықтайды және сарысудың
лактоза мен сүт ақуыздарын алу көзінің маңыздылығын атап
көрсетеді.
соңғы жылдары көптеген елдерде сарысуды тағамдық мақсатта
қайта өңдеудің тиімді әдістерін жасауға бағытталған технологиялық
әзірлемелер пайда болды. бұл мәселенің өзектілігі келесі себептерге
байланысты: көптеген елдерде тағамдық ақуыздың үлкен тапшылығы
(ФаО/бДҰ мәліметтері бойынша бұл тапшылық 8-11 млн.т құрайды)
мен ағын сулардың ластануын төмендету қажеттілігі.
сарысудың энергетикалық құндылығы сүтке
қарағанда төмен, ал
биологиялық құндылығы бір деңгейде болады, ал бұл сарысуды емдік
тамақтануда пайдалануды түсіндіреді.
сүттің сарысуын тамаққа тікелей қолданбайды, алайда бұл дені
сау адамдарға қажетті (күніне 1 л дейін) және арнайы диета бойынша
аурулар кезінде пайдалану қажет деп есептеледі. бұл ретте сүт сары-