155
Өнім сапасына қойлатын талаптар
сыртқы түрі
маринадтың беті жылтыр, көкөністер сабақталып
туралған
түс
сары-қызғылт
тығыздығы
жұмсақ, балғын
Дәмі мен иісі
Қышқыл-тәтті, қосылған дәмдеуіштер иісі бар,
бөтен дәмдер мен иістер жоқ
сәбіз бен қызылша маринадтарындағы сірке қышқылын пастер-
ленген сүттің сарысуымен алмастыру энергетикалық әлеуеті
төмен тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары өнім алуға
мүмкіндік береді. сірке қышқылының орнына сүт сарысуын қолдану
экономикалық әсер алуға, қызылша маринадының бағасын – 27%, ал
сәбіздікін 19% төмендетуге мүмкіндік береді.
сүтті сарысу негізіндегі
маринадтарды мектеп, емдік-профилак-
тикалық, геродиеталық, сондай-ақ жаппай тамақтануда пайдалануға
болады. ағзаны асқазан-ішек ауруларынан қорғауға мүмкіндік беретін
бифидофлораны қалпына келтіру және қалыпты деңгейін ұстап тұру
үшін бифидогенді белсенділігі бар функционалдық тағамдық өнімдер
жасалған. Осы мақсатта лактулозасы бар қоспалар пайдаланылады, ал
олар адам ішегіндегі лактобациллалар мен бифидобактериялар үшін
тағамдық зат болып табылады. зерттеулер лактозасы бар қайталама
сүт шикізатын лактулозасы бар сапалы және бағасы бойынша қол
жетімді қоспаларды алуға болатындығын көрсетті. бұл ретте маңызды
технологиялық үдеріс лактозаның лактулозаға байланысы болып
табылады.
жүргізілген зерттеулер негізінде
лактулозасы бар қоспаларды
өңдірудің технологиялық үлгілері әзірленді. тәжірибелік-өнеркәсіптік
әзірлемелер дайын өнімнің жақсы органолептикалық көрсеткіштері
бар екендігін, изомерлеуді жүргізу жағдайларына қарай лактулозаның
салмақтық үлесі 9-дан 20%-ға дейін екендігін, құнды макро-және
микроэлементті құрамының бар екендігін көрсетті.
Қарт кісілер үшін өнімдер жасау бойынша үлкен жұмыс ғылыми
зерттеу институттарында жүргізіліп жатыр. бұл – сұйық қышқыл
сүтті өнімдер, құрғақ сүтті өнімдер, тағамдық және биологиялық
белсенді қоспалар дайындау. «геролакт» атты йогурт типті қышқыл
сүтті өнім жасалды. Ол қалыптастырылған сүтті-өсімдікті
қоспаны
«стрептосан» ашытқысымен ашыту жолымен алынған және ол
156
абхазияның ұлттық қышқыл сүтті өнімдерінің арасынан бөлініп
алынған. «геролакта» минералды заттар, дәрумендер болады. Осы
сусынның 200 мл-ін күнделікті іше отырып, ас қорыту жүйесінің
жұмысын қалыптастыруға, қандағы холестеринді 10-12% азайтуға
болады.
сондай-ақ абхазияның ұлттық сүтті өнімдері негізінде йогурт
типті «лакгеровит» атты алкогольсіз сүт
қышқылды сусын алынды,
ол «геросан» бактерияларының штаммымен ашытылған. Олардың
В тобының дәрумендерін, антиқышқылдандырғыштарды, амин
қышқылдарын шығару қасиеті бар. «лактогеровитті» дисбактериоз
кезінде пайдалануға кеңес беріледі. Өнімді уыт сығындысы, сілтілі
металдар тұздарын, магний, мырыш, дәруменді
препараттарды қоса
отырып, дәстүрлі технология бойынша алынады.
Құрғақ сүтті өнімдер алу үшін қоспалар рецептура бойынша құрғақ
күйінде араластырады немесе бүркуіш қондырғыда қоюлатылған
қоспаны кептіреді. Қоспа майсыздандырылған сүттен, өсімдік майы-
нан, тағамдық талшықтардан, изолят пен соялық ақуыздан тұрады.
«биогеролакт» атты құрғақ геродиеталық өнім шырғанақ майының
концентратын қоса отырып сүтті негізде алынған. «биогеролакта»
каротиноидтер, токоферолдар, ағзаның энергетикалық мүмкіндігінің
аруына себепкер болады.
кальций, с, Д, е дәрумендерімен байытылған «космол» атты
құрғақ сүтті өнім технологиясы әзірленген. Құрамында өсімдік
майы, шошқа майы, декстринмальтоза, дәруменді және минералды
қоспалары бар оны қалыптастырылған сүтті негізді кептіру жолымен
алады. «космол» ағзада кальцийдің
сіңірілуі мен қалуына, сүйекті
тіннің кальцийленуін күшейтуге мүмкіндік туғызады.
бұл өнімді тәулігіне екі рет тұтынуға кеңес беріледі. сусынды алу
үшін құрғақ өнімнің 20 г 50-60 ºс температурадағы қайнаған судың
100 мл-ін езіп, жақсылап араластырады. Өнімді сыра, балмұздақ,
жарма мен ұннан жасалған өнімдерді өндіру үшін қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: