147
Қарт адамдар үшін крахмал мен жеңіл сіңіретін олиго-және
моносахаридтердің көзінің, әсіресе қанттың кеңес берілген арақа-
тынасын
сақтау маңызды, оларды күніне 35-50 г артық тұтынбаған
жөн, бұл мөлшерді 3-4 есе бөлу қажет. жеңіл сіңірілетін көмірсуларға
бай кондитерлік өнімдерді, тәтті шырындарды (жүзім мен басқаларын)
тұтынуды да шектеу қажет. ас үлесіне құрамында балластты зат-
тары бар жарма (мысалы, қарақұмық, сұлы жармасы мен басқалар)
мен ұннан дайындалған өнімдерді, ірі үгінді ұннан дайындалған
нан (егер ішек-қарын жолының аурулары болмаса) қосқан жөн. Қарт
адамдардың ас үлесіндегі көмірсулардың құнды көзі шикі, пісірілген
немесе қайнатылған күйіндегі
көкөністер, жемістер, жидектер болып
табылады, себебі оларда зат алмасуды ынталандыратын және тіндерде
холестериннің жинақталуына қарсылық көрсететін бірқатар қоспалар
бар.
егде жастағы кісілерде дәрумендерге деген қажеттілік жоғары. бұл
тағамдық заттар зат алмасу әркеті, ағзаның қорғау жүйесінің ынталан-
дырғыштары ретінде жас ұлғая маңызы өседі. егде адамдардың ас
үлесіне тотықсыздандырғыштар: бос қышқылдандырушы радикал-
дардың жинақталуына қарсылық көрсететін аскорбин қышқылы, био-
флавоноидтер, токоферолдарды қосуды назарға алған жөн.
көптеген дәрумендердің (аскорбин қышқылы, пиродоксин,
кобаламин, фолий, пангам, пантотен қышқылы; холин, инозит)
ұмытшақтыққа қарсы әрекеті бар. егде
кісілердің тамақтануындағы
дәрумендердің көзі – итмұрын қайнатпасы құнды көзі болып табы-
лады.
егде жаста минералды алмасудың бұзылуы байқалады. Қан
тамырларында, қабырғаларда, буындар, шеміршек басқа тіндерде
кальций тұздары жиналуы байқалады. сүйектер осы минералдық зат-
тардан арылады. нәтижесінде, сүйектер кеуекті және сынғыш болады.
бұл бұзылу ақуызды негіздің сүйектер кальцийіне ұқсастығының
жоғалуымен, сондай-ақ ағзаның осы элементті тамақтан сіңіру
қабілеттілігінің төмендеуіне байланысты.
кальцийге деген тәуліктік қажеттілік 800 мг құрайды. тамақтануға
сүт пен сүт өнімдерінде болатын және фосформен қолайлы
арақатынаста болатын жеңіл сіңірілетін кальцийді қосқан жөн.
Фосфорға деген тәуліктік қажеттілік 100-1500 мг құрайды.
егде жаста магнийдің маңызы ерекше және тамыр кеңейтуші әсері
бар – тамырлардың тарылуына қарсылық көрсетеді. Осымен қатар маг-
ний ішектің толқи жиырылуын және өттің шығуын ынталандырады,
148
қандағы холестериннің мөлшерінің азаюына көмектеседі.
Қандағы
магнийдің мөлшері төмендегенде, қан тамырларының қабырғасында
оларға нәзіктік беретін кальций мөлшері артады. магнийге деген
тәуліктік қажеттілік 400 мг құрайды.
егде жастағы адамдар үшін зат алмасуда калий маңызды рөл
атқарады, себебі ағзадан қождың шығуына себепкер, жүрек бұлшық
етінің және басқа органдар мен жүйелердің қалыпты қызмет етуі үшін
қажет. калийге деген тәуліктік қажеттілік 4000 мг құрайды.
сондай-ақ ас үлестерінде ас тұзының нормасын сақтау керек,
себебі оның артық болуы артериялдық
қысымның көтерілуіне
себепші, сондықтан майшабақ, жұмсақ ірімшік мен басқа тұзды
өнімдерді алдымен сулап алу керек, тамақты артық тұздамау, тұзды
консервіленген өнімдерді тұтынуды шектеу қажет, ал дәмін жақсарту
үшін органикалық қышқылдар көздерін (алма, лимон қышқылдары),
сүтқышқылды өнімдер мен сарысуды пайдалану қажет.
жасы ұлғайған сайын егде адамдарда темір жетіспеушілігі дамуы
мүмкін. бұл біржақты сүтті-өсімдікті диета ұстанғанда болуы мүмкін,
себебі сүт пен сүті өнімдер де бұл минералды заттарға бай, ал өсімдікті
өнімдерден темір нашар сіңіріледі. ағзадағы темір жетіспеушілігі
сіңірілудің бұзылуы кезінде пайда болуы мүмкін: қартайғанда
ішек сөлі секрециясының әлсіреуі
және оның қышқылдылығының
төмендеуі жүреді. Қарт кісілердегі темірге деген тәуліктік қажеттілік,
жас кезіндегі қажеттілік сияқты, ерлер үшін – 10 мг және әйелдер
үшін – 18 мг. жақсы сіңірілетін темір көзі ретінде ет, жұмыртқа
сарысы, дәндер мен бұршақ тұқымдастар (аскорбин қышқылымен
бірге пайдаланған жағдайда) болып табылады.
Йод, әдетте, атеросклероз дамуына қарсылық көрсетеді, сондықтан
йод көдерін егде жас кісілердің ас үлесіне қосу маңызды, себебі бұл
жаста қалқанша безінің қызметі әлсірейді.
тәуліктік йод қажеттілігі
0,1-0,2 мг құрайды. балық пен теңіздің балық емес өнімдері йодқа бай.
егде жастағы адамдардың ас үлесінің жалпы минералдық
құрамының бағыттылығы сілтілік болуға тиіс, ал бұны сүт пен сүт
өнімдері, сондай-ақ көкөністер мен жемістер қамтамасыз ете алады.
Осымен қатар ас үлесінде липотропты заттардың әсерін
төмендететін, сондай-ақ тағамға қарсы немесе улы әрекеті бар
(мысалы, саңырауқұлақтар мен майлы тұздық, ащы тұздықтар
мен тіскебасарлар, қақталған өнімдер мен маринадтар)
ішек-қарын
жолдарының және зәр шығару жолдарының шырышты қабығын
тітіркендіреді.