164
тамақтанудың ертеден қалыптасқан тәртібі бойынша таңертеңгі
ас тамақтың тәуліктік мөлшерінің – 20-25%, 2 сағаттан кейінгі жеңіл
тамақ – 10-15%, түскі тамақтану – 40-45%, ал кешкі 20-25%
болуы
керек. ал үш мезгіл тамақтанғанда таңертеңгі ас 25-30%, түскі 45-50%,
ал кешкі 20-25 % болады.
тәуліктік азықтың құрамындағы қоректік заттардың арасында
тепе-теңдік қатынасы сақталуға тиіс.
академик Шарманов қағидасы бойынша, ақуыз, май, көмірсу,
дәрумендер, минерады тұздар мен судың тәуліктік азықтағы үлес
қатынасы организм тіршілігі үшін мөлшерде болуы керек. Оның
ішінде валин, лейцин т.б маңызды амин қышқылдары мен дәрумендер
жеткілікті мөлшерде болуға тиіс.
ауыл шаруашылығы және басқа өндіріс орындарының жұмыс
ерекшелігіне сәйкес тамақтану тәртібінің басқа түрлері де болуы
мүмкін. таңертең
тамақ ішпей жұмысқа барғанда, еңбек нәтижесі
төмен болады.
Өсіп, дамуына байланысты балалардың тамақтану тәртібі ерекше.
Олардың тамағының тәуліктік мөлшерінің кұрамында ақуыздың
үлесі жасына лайық болуға тиіс: 1-3 жаста – 55 г, 4-6 жаста – 72 г, 7-9
жаста – 89 г, 10-15 жаста – 100-106 г.
балалардың бақшасында тамақтану әрбір 3-3,5 сағаттан кейін, ал
мектеп жасындағыларға 3,5-4 сағатта,
жас өспірімдерде тәулігіне
4 рет болады.
ақуызды тағамдары балаларға түске дейін берген жөн, себебі
ол жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. ал кешкілікке ол өте аз
мөлшерде
болуға тиіс, өйткені баланың ұйықтауына бөгет жасайды.
Ұйықтар алдында 1,5-2 сағат бұрын сүт, жеміс сияқты жеңіл тамақты
ғана берген дұрыс.
тамақ әртүрлі, дәмді дайындалса, асхана таза болса, баланың
тәбеті ашылып, жақсы тамақтануына себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: