Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері. Тұлғаның тәжірибесі мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері. Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне сендіру,
пікірталас, түсіндіру, этикалық әңгімелер жатады.
Сендіру дегеніміз – оқушылардың ақыл-ойы мен сезімін жандандыру,
адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз
қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына
жан-жақты әсер ету.
Сендіру әдісінің негізгі қызметі, ерекшелігі – ол арқылы жеке бастың
сенімі қалыптасады. Сендіру – оқушының тек қана санасына, сезіміне ықпал
жасау ғана емес, әрі оның міне-құлқына, әрі әрекетіне де ықпал жасауды
көздейді.