Сурет-119. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының құрылымы Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына
салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан
жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған
тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады, яғни
салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Оқытудың белгі-конспект технологиясы. Оқытудың белгі-конспект
технологиясын жақтаған жаңашыл педагог В.Ф.Шаталов болды.
В.Ф.Шаталовтың негізгі ұстанымы: «Барлық балалар дарынды екеніне біздің
сеніміміз мол. Жаңа бағдарламалар бір қарағанда күрделі көрінгенімен,
оқушылар толық меңгере алады. Барлық балалар таланты, балалардың бәрі-бәрі
де оқу бағдарламасын ойдағыдай игеруге қабілетті!».
В.Ф.Шаталовтың педагогикалық жүйесі: қиын мақсат идеясы - тірек
идеясы арқылы оқыту үдерісін жеделдету жолдары.