Сабақтың оқу мақсаттары



бет1/2
Дата12.02.2023
өлшемі61,14 Kb.
#168389
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
3-саб. олжай
7Ә.ҚТ. 22.09

Пәні: қазақ тілі
2-БӨЛІМ:
Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар
Тақырыбы:
Қайнар Олжай «Жер мен аспан» кітабы

Мектеп

Мерзімі:

Оқытушының аты-жөні:



СЫНЫП: 10Т2

Қатысқан оқушылар саны:



Қатыспағандар:

Сабақтың оқу мақсаттары

10.3.6.1 - мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы:
Мәтін мазмұнын түсінеді;
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтіндегі негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді;
Оқушылардың кейбіреуі:
Мәтіндегі автор көтерген мәселеге сыни тұрғыда баға береді.

Бағалау критерийі

Мәтін мазмұнындағы ақпараттарға өз көзқарасын білдіреді және бағалайды.

Сөйлеу әрекетінің түрлері

оқылым

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жинақтау, бағалау

Құндылықтар

Құрметтеу:оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру

АКТ

Таныстырылым

Тілдік мақсат

Тұрақты тіркестердің қолданылу аясын ажыратады

Алдыңғы білім

Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер



Дереккөздері

Сабақтың басы

10 ,12 минут





Қызығушылықты ояту кезеңі.Оқушыларға түрткі сұрақтар ұсынылады.
Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар туралы не білесіз?
Қауіпті қалдықтарға төрт түлік малдың қандай қатысы бар деп ойлайсыз?
Оқылымалды тапсырма.
Оқушылар берілген суреттен алынған мағлұматты қолданып, «Түртіп алу» кестесін толтырады.
Ұсынылатын сурет




V

+



?

Таныс ақпарат



Жаңа мәлімет



Қарсы пікір



Түсініксіз тұстар















Бұл тапсырманы орындау барысында алдымен «Таныс ақпарат» бөлімін ғана толтырады. Қалған бөлімдерін сабақ барысында толтырады.
Оқушылар санамақ арқылы екі топқа бөлінеді.

Суреттер


Таныстырылым

15, 18 минут

3,4 минут

3,4 минут



Топтық оқылым тапсырмасы. Оқушыларға оқылым мәтіні беріледі. Олар блум таксономиясы бойынша әзірленген тапсырмаларды орындайды.
Білу- мәтін кім немесе не туралы? Мәтін мазмұнын 2 сөйлеммен жеткізіңіз.
Түсіну- мәтін негізгі идеясы қандай? 2 сөйлеммен жеткізіңіз.
Қолдану- мәтін стилін анықтаңыз, себебін түсіндіріңіз.
2 сөйлеммен жазыңыз
Анализ – мәтіндегі асты сызылған тұрақты тіркестер не үшін қолданыс тапқан? 2 сөйлеммен білдіріңіз.
Синтез-автордың мәтінді жазудағы мақсатын 2 сөйлеммен жеткізіңіз.
Бағалау- автордың көтерген мәселесі өзекті ме? Сыни тұрғыдан баға беріңіз. 2 сөйлеммен жеткізіңіз.


Автор: Қайнар Олжай «Жер мен аспан» атты кітабынан үзінді.
Қазақ осы төрт түлікті түгел шаруаға пайдаланған. Ақыр-аяғында азық еткен. Сойылған сиырдың қимайын аударудан бастап қаншама өнердің шешелермен бірге келмеске кеткені хақ. Етінен басқа терісі бар. Көшпелі тұрмыска өте керек шикізат. Одан былғары өңделеді. Киім, қару, қамшы, ер-тоқым, етік, қыл-аяғы тарамысқа дейін былғарыдан. Малдың үлкен-кішісіне қарай терісінің өз аты бар еді.
Бұқар жырау бабамыз елінің айбынын асыру жолында:
Мен өгіз терісі - талыспын,
Сен бұзау терісі – шөншіксің,- демей ме! Пай-пай, айтқан-ақ!
Ендігі бір пайдасы тезегінде жатқанын неге айта кетпеске! Тезек
– сиырдың күн мен желге кеуіп қалған жапасы. Қой мен ешкінің тым ұсақ, жылқы мен түйенің түйір-түйір құмалағы жинауға жарамайды. Қой-ешкіні қыста қораға қамағанда ғана қи шығады. Күн суытқандағы отынның төресі. Ал сиырдың даладағы тезегі жазды күні жағуға жарап тұр.
Тезек теру – негізінен ауылдағы келін, қыздардың тірлігі.
Ұзатылатын қыздар айтатын әннің бірі:
Есіктің алды шилі өзек,
Өрлей бір тердім қу тезек.
Ұзатқан қызға күлуші ек,
Басыма келді бір кезек,- деп сыңситын.
Оны терудің өзіндік қызығы мен шыжығы жеткілікті. Ақын
Өтежан Нұрғалиевтің «Соғыстың соңғы жазы» атты жыр кітабы
бар. Ұмытпасақ үш-төрт жинақтан тұрады. Сонда бір өлең былай
басталатын:
Бұлт астына ағараңдап Ай батса,
Үйдің іші күндегіден жай жатса.
Алты жасар Байсеркесін жетелеп,
Тезек теріп оралатын Балғатша.
Балғатшаның тезек теріп жүріп қандай жағдайға тап болатынын білу үшін Өтежанды оқу керек. Ал, көмір қазылмайтын, газ тартылмайтын заманда көшпелі халық қуатты, яғни жылу мен жарықты малдың кепкен тезегі мен қураған ағаштан алатын. Оның аты - шөмшек, кейбір жерде шөпшек дейді.
Қыз да барды шөмшекке,
Мен де бардым шөмшекке...
Ауыл балаларының осылай басталатын тақпағы болатын. Ар жағын жазбайық. Бірақ, немерелерге үйретіп кетпей тағы болмайды. Ол да халықтың мұрасы. Тағы бір қиысқа тартып кеттік пе?! Сонымен, мал тезегі – қазақтың, басқа да көшпелі халықтардың отыны еді. Және көмір мен мұнай сияқты түбінде таусылатын емес, айналып келе беретін отын. Өзі жылу, тіпті жарық береді, қалған күлі химиялық қоспасы жоқ табиғи тыңайтқышқа айналады.
Тезектің тағы бір пайдасын ауыл балалары, анығында өткен ғасырдың ортасында бала болғандар жақсы біледі. Сиырдың қыста қатқан жапасын олар сырғанақта шана орнына пайдаланған. Бізге нанбасаңыз, Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» хикаясын оқыңыздар. Қатқан жапаға отырып алып тау басынан төмен қарай қалай заулайды!
Сол тезек қоршаған ортаға ең залалсыз энергетика көзі ретінде жиырма бірінші ғасырда қайтадан мамандар назарын аударып отыр. Израильде, Германияда, Қытайда, әлгі Швецияда мал фермалары әрі электр стансасы қызметін қоса атқара бастағанын көргенбіз.
Ақыры қоршаған ортаға залал келтірмеу туралы әңгімеге
ойысыппыз. Осы орайда сиырға қатысты бір дау бар. Үлкен, әрі
бітпей жатқан дау. Міне, қаншама жылдар болды, Зеңгібаба түлігі ғаламдық жылыну құбылысына себепкердің бірі саналады. Сиырдан шығатын метан газы Жерді тұмшалану, ғылыми терминмен парник әсеріне ұрындырып жатыр деседі. Сонда бала кезімізде сиырлар бір-бірін «осырып қойды» деп мүйіздегенде өздеріне жаһандық айып тағыларын ауылда күйсеп жатып-ақ сезгендері ме?! Ауылдың азғантай сиыры не, оның жақын туысы бизондар парник әсері туралы «күнә» тағылмай тұрғанда қынадай қырылып қалса да осы әңгіменің ішінде жүр! Яғни, оларды дер кезінде дұрыс қырып тастаған, әйтпесе Жердің тұмшалануы қазіргіден де қатерлі болмақ-мыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет