Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай



Pdf көрінісі
бет38/220
Дата19.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#136044
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   220
Байланысты:
Қуаныш Шонбай Екінші болма

ЖЕҢІСТІҢ АДЫРАСПАНДАРЫ
О ^ д ы р а с п а н - жын-шайтаннан, жаман нәрседен алас- 
гайтын шөп. Ал сызбада көрсетілген бұл сезімдер жетістік- 
ген аластайды. Комплекс, қырсықтық, сенімсіздік, эго, 
сасық көкірек, жалқаулық - бұл байдың да, кедейдің де,
Ж е ң істің
ад ы р асп ан д ар ы
мшшшшж
i4-.IJSI4THI.jJ'*
М2ШШШ
55


студенттің де, кәсіпкердің де, барлығының бойынан табы- 
латын жаман қасиеттер. Ал бұл қасиеттер жүрген жерде, 
жеңіс адамды айналып өтеді.
Ең қиыны, әрбір адам, «иә, мен қырсықпын» немесе
«жалқаумын» деп бүны мойындай бермейді. 
Ал негізін- 
де, бұл сен жэне сенің ар-ожданың арасындағы әңгіме. Мен 
бұл тақырыпты үзақ зерттедім, көп оқыдым, сондықтан 
бірден айтамын, адыраспандардан арылудың жолдары өте 
қиын.
Комплекс туралы 
«Іш кі комплекс - ж еңіс үш ін тап-
тырмас қазына»
деген тарауда егжей-тегжейлі жаздым. 
Есіңде болсын, комплекс - бүл диагноз жэне таптырмас 
қазына. Егер сен онымен күресе білсең, ол сені алға қарай 
итермелейтін мықты күшке айналады.
Сенімсіздік эдетте, балалық шақтан бастау алады. Сон- 
дықтан да, құрметті ата-аналар, балаңызға тәрбие берген- 
де, оны өзіне сенімді етіп өсіріңіз. Ол өз мүмкіндіктеріне, 
ақыл-парасатына, күшіне сенімді болуы керек. Ертеңгі 
күні, эрдайым балаңыздың орнына шешім қабылдап, оның 
артынан жүгіріп жүрмейсіз ғой. «Балам, мен саған сенемін. 
Бүгін 3 алыпсың, бірақ кішкене ғана тырыссаң, ертең 5 де­
ген бага аласың» десеңіз, оның өзіне деген көзқарасы өзге- 
ре бастайды. Есесіне, ертең өскенде бір адыраспан кемиді.
Өмір жолында адамдардың барлығы да қиындықтарға 
тап болады, әрбіреуі онымен күреседі. Бүл өмірде тек сен 
ғана өзіңе сенімсізсің, сенің ғана қолыңнан келмейді, ал 
басқалар мықты деп ойлама. Әр адамның бойында корқы- 
ныш, үрей, өзіне деген сенімсіздік болады, оны жеңіп 
шығу, жетістікке жету жолын жалғастыруға мүмкіндік бе- 
реді. Ата-анаңды, қоғамды, тағдырды бұл үшін кінэлама,
56


ЕК1НШ1 БОЛМА
ал да жаса, яғни күрес. Бір-екі рет ұрынғаннан кейін имму­
нитет пайда бола бастайды, сенімділік артады.
Бір күні үлкен ғүлама кісі тыныш жерде ойланғысы келіп, 
көлдің жағасында отырған екен. Жанына бір ит келіп, су 
ішпекші болады. Суға жақындайды да, үркіп артқа қаша- 
ды. Бірнеше рет суға келеді, қайтадан шегінеді. Бір кезде 
шыдай алмай, шөлдегені соншалық, суға секіреді. Сонда, 
ол ит өзінің судағы бейнесінен өзі корыққан екен.
Сенімсіздікті қазір жеңсең, ертеңгі күні ол саған ешқан- 
дай қиын мэселе тудырмайды, барлығы өз қолыңда. Өзіңе 
сенімді болсаң, нәтиже де болады. Сенімсіздікті жеңу бұл 
бір сапар сияқты. Себебі, оны бір рет жеңу жеткіліксіз, 
бір іс қолыңнан келмесе, бір нәрсе ойыңнан шықпаса, біз 
бірден өзімізге сенімсіз болуға бейімбез ғой. Бұл жолдағы 
үлкен жанармайымыз - біздің майда жеңістеріміз. Мыса- 
лы, бүзылып жүрген ұйқыңның режимін дүрыстау, кешігу 
әдетінен арылу, паразит сөздерді қолданумен күресу, жаңа 
тіл үйрену, кітапты оқып бітіру, тағы да басқа. Бүл жеңі- 
стер кішкентай болғанымен, оның артындағы сезімдер үл- 
кен. Сондықтан да, сенімсіздік пен комплексті жеңудегі бір 
жэне бірегей таптырмас құрал - бұл майда жеңістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет