ЕК1НШ1 БОЛМА
Спортшы достарың бар болса, білетін шығарсың, олар
қарсыласын әрдайым мақтайды. «Ол күшті», «Спорт ше-
берінің кандидаты», «Үш дүркін чемпион», яғни, жеңілсе -
күшті қарсыластан жеңілгенін көрсетеді, ал жеңсе -
өзінің
одан да мықты екендігін дәлелдейлі. Бүл - психология. Сол
сияқты, «еріншектіктен жеңіліп қалдым» десең біртүрлі,
ал жалқаулықты жеңе алмасаң барлығы түсінікті.
Кітаптың бұл бөлімінде жетістіктен алыстататын ады-
распандарды тізіп шықтым. Енді олармен күресу жолын
қарастырайық.
61