Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер
167
институты сияқты ұйымдар педагог ғалымдар мен нейробиологтар
бірлесе жұмылған ауқымды зерттеулер жүргізуде. Соңғы жобалар ұялы
телефоннан тарайтын радиотолқынның балалар миы дамуына әсерін
зерттеуге бағытталған. Егер 11 жасар балалардың 70–80 пайызы ұялы
телефон ұстайтынын ескерсек, бұл өте маңызды мәселе болып отыр.
Келесі бір зерттеулер кофеиннің артық мөлшері (коланың бір күндік
мөлшері екі құтыдан аспауы керек) баланың сергектігіне және оқу
үшін аса маңызды саналатын ұйқының тұрақты әрі жеткілікті болуына
кері әсер ететінін көрсетті (Howard-Jones, 2011). Алайда нейробиоло
-
гияның оқу ісін қаншалықты жақсарта алатыны әлі де даулы мәселе.
Білім беру саласына кеңесшілер дайындауға байланысты аса салмақ
-
ты ескертудің бар екені және компаниялар өз тәжірибесін жұқа плас
-
тинка «миды басшылыққа алатын оқуға» негіздейтіні жасырын емес.
Ховард-Джонстың (2011) көрсетуінше, «миды сканерлеуден сабақтың
жоспарына» дейінгі жолда ми туралы түрлі мифтер туды. Атап айтсақ:
балық маи�ы мидың жұмысын жақсартады;
координациялық жаттығулар мидың оң жақ және сол жақ сыңарла
-
рының жұмысына оң ықпал етеді;
су ішу ми кебуінің алдын алып, оның жұмыс өнімділігін арттырады;
біз миымыздың 10 паи�ызын ғана паи�даланып жүрміз;
ұлдар мен қыздардың миы бірдеи� емес.
Достарыңызбен бөлісу: