4.6-ҚОСЫМША. ОҚЫТУ ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ СЫН САҒАТ Сабақты біраз уақыт бақылағаннан кейін, мектеп директоры балалардың шы-
ғармашылық және сыни ойлау қабілетін дамытуды жөн көреді. «Көбіне сабақ-
та балалар енжар, сұрақ қоймайды, ештеңеге талпынбайды». Сізге мектептің
оқу және оқыту ісін басқаруға жауапты тұлға ретінде осы мәселені жолға қою
үшін бес практикалық стратегия ұсыну тапсырылды. Мектеп директорына ар-
налған нұсқаулық дайындаңыз.
КӨКЖИЕГІМІЗДІ КЕҢЕЙТЕЙІК «Халықаралық ойлау мектептері» мен «Ойлау қабілеттерін зерттеу орталығы»
сияқты ұйымдар балаларды ойлауға үйрету арқылы мектеп оқушыларының оқу
үлгерімі мен оқуға деген ықыласын арттыра алады деп мәлімдейді. Америка-
лық психология профессоры Дэниэл Уиллингем сынды сыншылардың көрсе-
туінше, басқа мектептермен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсеткен дерек-
тер жоқ. Ойлау дағдыларын қалыптастыруға болатынын негіздеу үшін нақты
дәлелдер келтіре аласыз ба?