Кәсіби білім мен түсінік
201
5.3-ҚОСЫМША.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЗҚАРАС: ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бүкіл әлемде ерекше идеологиялық, тарихи, әлеуметтік және мәдени күш-
тер әр елдің өз оқу бағдарламасын қалыптастырады. Мысалы, Африканың
ауылдық жерлеріндегі бастауыш мектепке баратын балалар «тыңдауға, есте
сақтауға және бағынуға»
міндетті, себебі оқу бағдарламасында оқуға, жа-
зуға және отбасы мен өскен ортасы алдындағы борышқа баса ден қойылған
(Moyles and Hargreaves, 1998: 91). Көптеген елдер
өз оқу бағдарламасында
мыналарды қамтиды: ана тілі, математика, ғылым, ақпараттық технология-
лар, дизайн, тарих,
география, дене шынықтыру, өнер, музыка, дінтану, жеке
және әлеуметтік білім, азаматтық, шет тілі (Pepper, 2008).
Алайда әлемнің
көптеген жетекші елдерінде дағдыларға негізделген оқу бағдарламасында
ауытқу байқалады, айтап айтқанда ойлау дағдыларына баса мән беріледі
(Whitby
et al.
, 2006; Bell
et al.
, 2008; Mourshed
et al.
, 2010). Джон Хэтти оқу
бағдарламасын дайындаудың әртүрлі аспектілеріне жүргізілген 6 000
халық-
аралық зерттеуді жалпылама қарастыра келіп: «жұмыс жоспарының мазмұны
мұғалімдердің сол оқу бағдарламасы бойынша білімгерлердің үлгерімін кө-
теру үшін қолданатын оқу стратегиясынан маңызды емеc» деген қорытынды
жасады (Hattie, 2009: 156). Мак Каллохтың пайымдауынша,
әлемдегі әйгілі
мектептер мынадай сипаттарымен ерекшеленеді:
1) мұғалімдер өз әдістемесін еркін дамыта алады;
2) мазмұн нақты пәндер емес, тақырыптар төңірегінде мұқият жоспарлана-
ды;
3) оқу бағдарламасы «негіздерді»
ескерусіз қалдырмайды;
4) ұлағатты ұстаздар өз пәнін жақсы біледі, сондай-ақ олар өзгелерді де өз
пәнін жақсы көруге ынталандырады;
5) ойлау дағдыларының үйретілетіні сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: