Кәсіби білім мен түсінік
203
Англия мен Уэльсте оқу бағдарламасы негізгі және базалық пән
-
дерге жіктелді. Арнайы жұмыс топтары әр пәннің оқу бағдарламасы
-
ның мазмұны бойынша жұмыс істеді. Олардың міндеттерінің көптігін
ескермеуге
болмайды, сондықтан
олардың оқыту бойынша ұсыныс
-
тарына қатысты келіспеушіліктер болды. Мысалы, Филлипс (1998)
баспасөз беттерін мыңдаған мақалаға, хаттарға толтырған тарих пә
-
нінің оқу бағдарламасының мазмұнын (британ бірегейлігі мен білімге
қатысты дағдылар) қайта қарау туралы ұсыныстарға тоқталды. Бұл
жай академиялық пікірталас емес, жоғары деңгейдегі саяси пікірталас
болды. Премьер-министр Маргарет Тэтчер өзінің білім беру ісі жөнін
-
дегі хатшысы Кеннет Бэйкермен тарих және басқа да базалық пәндер
-
де нұсқаулардың шамадан тыс көп берілуіне қатысты қарсы пікірде
болды.
90-жылдары ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пән
-
дерін оқытудың өз қарама-қайшылықтары болды. Мысалы, бастауыш
білім берудің оқу бағдарламасында математика мен ағылшын тілі стан
-
дарттарын көтеруге баса мән берілуі жаратылыстану пәндерінің дәре
-
жесінің түсуіне себеп болды (Boyle and Bragg, 2005; Tymms
et al
., 2008).
Тестілеу мен бағалауға байланысты жоғары талаптар Мемлекеттік оқу
бағдарламасы туралы «тұжырымдамадағы арманға қарап, қорқыныш
-
ты әлемге енесің» деген ойлар тудырды (Campbell, cited in Alexander and
Flutter, 2009: 6). Дэвисон (2004: 84) атап өткендей, Мемлекеттік оқу бағ
-
дарламасының қызық жері сол: мұғалім қолындағы бұл оқу бағдарла
-
масы оқушының да, мұғалімнің де мүмкіндігін шектейді. ХХІ ғасырдың
бірінші онжылдығында Біріккен Корольдіктің
оқу бағдарламасы кең
көлемде қайта қаралды. Англияда сэр Джим Роуз бастауыш мектептің
оқу бағдарламасына тәуелсіз шолу жасады (Rose, 2008). Ол «Оқу мен
өмір сүру негіздерінде» (сауаттылық, қарапайым математикалық амал
-
дар, АКТ дағдылары, оқу және ойлау қабілеттері, жеке және эмоциялық
дағдылар, әлеуметтік дағдылар) ұсынылған
мазмұнды қысқартуды
жақтады. Роуз өз шолуында бұл дағдыларды жеті оқу бағыты бойын
-
ша дамытуды ұсынды, алайда Коалиция үкіметі бұл мәселені негізгі бі
-
лім анық белгіленген пәндік оқу бағдарламасының пайдасына шешті.
Роуз шолуы күрделі әрі ауқымды оқу бағдарламасын құрудағы ең үлкен
қиындықтардың бірін атап көрсетті, ол балалар бір пән бойынша ал
-
ған білімі мен дағдыларын басқа пәнді жақсы түсіну үшін қолдана ала
-
ды дей келіп: «Бастауыш мектеп мұғалімі 13 пәнді оқытатын әрі қажет
кезде жеткілікті деңгейде терең діни білімді болуға тиіс, бұл мәселені
шешуге қалай көмектесе аламыз?», – деді (5.4-қосымша). Кембридж ко
-
мандасы (2006–2009) профессор Робин Александрдың басшылығымен
Англиядағы бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына шолу жасап,
келесі болжамдарға күмән келтірді: